"Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 858 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 4931 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Б. Жайсанбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" ақпандағы № 858
қаулысымен бекітілген

"Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Қызылорда облысының әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Аппараттың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Аппаратқа қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      4. Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. Аппарат мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      7. Аппарат егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. Аппарат өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      9. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
      13. Аппараттың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. Аппаратқа кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Аппараттың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Аппаратқа заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Аппараттың миссиясы: облыс әкімдігі мен әкiмi қызметiнің сапалы және уақтылы ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Негізгі міндеттері:
      1) облыс әкімдігі мен әкімінің өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде іске асыруын қамтамасыз ету;
      2) облыс дамуының мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуін ұйымдастырады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттер.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Функциялары:
      1) облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, орталық мемлекеттік органдарымен, облыстық мәслихатпен және өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ, саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;
      2) облыс әкімі, оның орынбасарлары және Аппарат басшысының қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру;
      3) облыс дамуының мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуін ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымы негізінде жасақталған облысты басқару схемасын әзірлеу;
      5) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіру, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша құжаттар дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      6) аудандар (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің, әкімдерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қала) әкімдері аппараттарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;
      7) Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының және гендерлік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
      8) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      9) облыс аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
      10) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      11) кадрлық саясатты ұйымдастыру, облыс әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды, Аппараттың қызметкерлерін тағайындауды, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, жұмыстан босатуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      12) мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      13) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы шеңберінде сайлау өткізу мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;
      14) облыс әкімі және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша соттарда облыс әкімдігі мен әкімінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
      15) облыс әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
      16) алқа билерге үміткерлердің тізімдерін құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      17) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар және ұйымдармен құжат айналымын ұйымдастыру;
      18) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
      19) "электрондық үкімет" пен "электрондық әкімдікті" дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;
      20) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
      21) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің интернет-ресурстарының қызмет етуін үйлестіру;
      22) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің сапалы мемлекеттік, оның ішінде электронды қызмет көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру, сондай-ақ, олардың ұсынылуын жетілдіру мен талдауды жүзеге асыру;
      23) Қызылорда облысы әкімдігінің Ситуациялық орталығын ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етуін ұйымдастыру;
      24) мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      25) әскери міндетті Аппарат қызметкерлерін бекітіп қою жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
      26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
      27) "Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын, "Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесін, "Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін және "Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Ақпараттық технологиялар орталығы" мемлекеттік мекемесін басқару бойынша функцияларды жүзеге асыру;
      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Аппарат өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
      2) Аппарат:
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      жеке және заңды тұлғалардың Аппаратқа жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

      19. Аппаратқа басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Аппарат басшысы жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Аппарат басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Аппарат басшысының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      22. Аппарат басшысының өкілеттігі:
      1) Аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
      2) өз құзыреті шегінде Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, Аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      4) Аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
      5) Аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
      8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
      9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
      10) облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Аппарат басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 07.04.2016 № 430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Аппараттың жұмыс режимі:
      1) Аппарат дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) Аппараттың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Аппарат сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      25. Аппарат пен облыс әкімдігі арасындағы, Аппараттың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Аппараттың мүлкі

      26. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. Аппаратқа бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Аппарат таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Кызылординской области"

Постановление акимата Кызылординской области от 27 февраля 2015 года № 858. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 31 марта 2015 года № 4931. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 19 мая 2016 года № 461

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 19.05.2016 № 461 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима Кызылординской области".
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Кызылординской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Кызылординской области" Жайсанбаева К.Б.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Кызылординской области К. Кушербаев

  Утверждено
постановлением акимата
Кызылординской области
от "27" февраля 2015 года № 858

Положение государственного учреждения "Аппарат акима Кызылординской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Кызылординской области" (далее - Аппарат) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акимата и акима Кызылординской области.
      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Кызылординской области" не имеет ведомств.
      3. Учредителем Аппарата является акимат Кызылординской области. Права субъекта права коммунальной собственности в отношении Аппарата осуществляет государственное учреждение "Управление финансов Кызылординской области".
      4. Аппарат осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      5. Аппарат является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      6. Аппарат вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      7. Аппарат имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      8. Аппарат по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Аппарата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      9. Структура и лимит штатной численности Аппарата утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      10. Местонахождение юридического лица: индекс 120003, Республика Казахстан, Кызылординская область, город Кызылорда, улица Бейбарыс султан, строение 1.
      Сноска. Пункт 10 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      11. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима Кызылординской области".
      12. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата.
      13. Финансирование деятельности Аппарата осуществляется из областного бюджета.
      14. Аппарату запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Аппарата.
      Если Аппарату законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Аппарата

      15. Миссия Аппарата: обеспечение качественного и своевременного информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического функционирования деятельности акимата и акима области.
      Сноска. Пункт 15 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      16. Основные задачи:
      1) обеспечение реализации полномочий акимата и акима области в пределах компетенции, установленных законодательством Республики Казахстан;
      2) организует обеспечение проведения общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития области;
      3) иные задачи, установленные законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      17. Функции:
      1) обеспечение взаимодействия акима области с Администрацией Президента Республики Казахстан, Канцелярией Премьер-Министра Республики Казахстан, центральными государственными органами, областным маслихатом и иными государственными органами, а также с политическими партиями, религиозными объединениями, неправительственными и иными организациями;
      2) организация мероприятий с участием акима области, его заместителей и руководителя Аппарата;
      3) организация обеспечения проведения государственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития области;
      4) разработка схемы управления областью, сформированной на основе базовой структуры местного государственного управления, утверждаемой Правительством Республики Казахстан;
      5) организация работ по совершенствованию местного государственного управления и самоуправления, подготовке документов по вопросам административно-территориального устройства;
      6) координация деятельности акиматов, акимов районов (города областного значения), аппаратов акимов районов (города областного значения), исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, совершенствование их работы;
      7) организация деятельности областной ассамблеи народа Казахстана и по реализации гендерной политики;
      8) обеспечение осуществления контроля за деятельностью нижестоящих акимов;
      9) организация обеспечения охраны общественного порядка и безопасности на территории области, координация деятельности местных исполнительных органов в вопросах противодействия коррупции;
      10) осуществление контроля за исполнением актов и поручений Президента, Правительства и центральных государственных органов Республики Казахстан, а также акима и акимата области местными исполнительными органами районов и города областного значения, исполнительными органами, финансируемыми из областного бюджета;
      11) организация кадровой политики, назначения, привлечения к дисциплинарной ответственности, увольнения должностных лиц, назначаемых акимом области, работников Аппарата и организация повышения их квалификации;
      12) организация работы по представлению к награждению государственными наградами;
      13) осуществление организационной подготовки и проведения мероприятий по вопросам проведения выборов в рамках законодательства о выборах в Республике Казахстан;
      14) по поручению акима области и его заместителей представление и защита интересов акимата и акима области в судах, рассмотрение актов прокурорского реагирования;
      15) экспертиза проектов актов акимата и акима области на соответствие действующему законодательству Республики Казахстан;
      16) организация работы по составлению списков кандидатов в присяжные заседатели;
      17) обеспечение рассмотрения служебных документов, обращений физических и юридических лиц, организация документооборота с государственными органами и организациями;
      18) информационное обеспечение деятельности акимата и акима области;
      19) организация работ по развитию "электронного правительства" и "электронного акимата";
      20) организация функционирования в государственных органах, финансируемых из местных бюджетов, единой системы электронного документооборота;
      21) координация функционирования интернет-ресурсов исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, акиматов районов (города областного значения);
      22) координация деятельности исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, акиматов районов (города областного значения) по качественному оказанию государственных услуг, в том числе электронных, а также осуществление анализа и совершенствование их предоставления;
      23) организация информационного и аналитического обеспечения Ситуационного центра акимата Кызылординской области;
      24) организация работы по вопросам защиты государственных секретов;
      25) осуществление деятельности по бронированию военнообязанных сотрудников Аппарата;
      26) осуществление внутреннего государственного аудита в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      27) осуществление функций по управлению государственным коммунальным казенным предприятием "Региональный центр переподготовки и повышения квалификации государственных служащих и работников бюджетной сферы" аппарата акима Кызылординской области", коммунальным государственным учреждением "Қоғамдық келісім" аппарата акима Кызылординской области", коммунальным государственным учреждением "Управление делами акимата Кызылординской области" и коммунальным государственным учреждением "Центр информационных технологий" аппарата акима Кызылординской области";
      28) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 17 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      18. Права и обязанности:
      1) Аппарат для реализации возложенных на него задач и осуществления своих функций имеет право в установленном законодательством порядке:
      запрашивать и получать от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      проводить совещания, семинары, конференции по вопросам, входящим в его компетенцию;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством;
      2) Аппарат обязан:
      принимать законные и обоснованные решения;
      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;
      рассматривать обращения, направленные в Аппарат физическими и юридическими лицами, контролировать их исполнение, в случаях и порядке, установленным законодательством Республики Казахстан, предостовлять на них ответы;
      организовывать прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности Аппарата

      19. Руководство Аппарата осуществляется руководителем Аппарата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат задач и осуществление им своих функций.
      Сноска. Пункт 19 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      20. Руководитель Аппарата назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      Сноска. Пункт 20 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      21. Руководитель Аппарата имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством.
      Сноска. Пункт 21 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      22. Полномочия руководителя Аппарата:
      1) организует реализацию целей, возложенных на Аппарат;
      2) организует, координирует и контролирует деятельность структурных подразделений Аппарата в пределах своей компетенции;
      3) утверждает структуру и штатное расписание Аппарата, положение о его структурных подразделениях, если иное не установлено законодательством;
      4) назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" Аппарата;
      5) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий Аппарата;
      6) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;
      7) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим Аппарата, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц;
      8) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих Аппарата, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц;
      9) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;
      10) контролирует ход исполнения решений, принятых местными исполнительными и представительными органами области;
      11) осуществляет иные полномочия, возложенные законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя Аппарата в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим, в соответствии с действующим законодательством.
      Сноска. Пункт 22 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      23. Руководитель Аппарата определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      Сноска. Пункт 23 – в редакции постановления акимата Кызылординской области от 07.04.2016 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      24. Режим работы Аппарата:
      1) Аппарат работает с понедельника по пятницу 5 (пять) дней в неделю;
      2) время работы Аппарата с 09.00 часов до 19.00 часов местного времени. Перерыв: с 13.00 часов до 15.00 часов;
      3) в субботу и в воскресенье, а также в установленные законодательством Республики Казахстан праздничные дни, Аппарат не работает.
      25. Взаимоотношения между Аппаратом и акиматом области, администрацией Аппарата и его трудовым коллективом регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Аппарата

      26. Аппарат может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Аппарата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      27. Имущество, закрепленное за Аппаратом, относится к областной коммунальной собственности.
      28. Аппарат не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Аппарата

      29. Реорганизация и упразднение Аппарата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      В случае ликвидации Аппарата использование его имущества осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.