"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "17" наурыздағы № 876 қаулысына қосымша |
2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) субсидиялар көлемдері
Аудандар (қала) | Субсидия көлемі, мың теңге |
Жаңақорған | 479 194 |
Шиелі | 327 974 |
Сырдария | 532 345 |
Жалағаш | 536 027 |
Қармақшы | 385 090 |
Қазалы | 248 130 |
Арал | 10 729 |
Қызылорда қаласы | 82 275 |
Барлығы | 2 601 764 |