"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары белгіленсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | |
_____________А. Мамытбеков | |
2015 жылғы "28" сәуір |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "27 " сәуірдегі № 938 қаулысына 1-қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:N - азот;
P2 O5 - фосфор тотығы;
Ca - кальций;
Mg - магний;
SO3 - күкірт тотығы;
P - фосфор;
К2О - калий тотығы.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "27" сәуір № 938 қаулысына 2-қосымша |
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:N – азот;
Р – фосфор;
К – калий.