Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 938 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4992 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 462 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 23.05.2016 № 462 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары белгіленсін.
      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________А. Мамытбеков
      2015 жылғы "28" сәуір

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27 " сәуірдегі № 938 қаулысына
1-қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары


Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір өлшем бірлігінің
құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған
субсидия нормасы, теңге
1
Аммиак селитрасы (N-34,4%)
тонна
50
28 900
2
Аммофос (N-10% , P2 O5 -46 %)
тонна
50
45 000
3
Суперфосфат (P2 O5 -19 %)
тонна
50
24 500
4
Аммоний сульфаты (N-21%)
тонна
50
13 500
5
Супрефос-NS
(N-12%, P2О5-24%)+(Ca;Mg;SO3)
тонна
50
43 500
6
Жай суперфосфат
(P-15%:К2О-2%)
тонна
50
21 281
7
Байытылған суперфосфат
(P2 O5 -21,5 %)
тонна
50
17 000
8
"Б" маркалы микротыңайтқыш "МЭРС"
литр
50
5 000
9
Фосфорит ұны (P2 O5 -17%)
тонна
50
8 210

      Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
      N - азот;
      P2 O5 - фосфор тотығы;
      Ca - кальций;
      Mg - магний;
      SO3 - күкірт тотығы;
      P - фосфор;
      К2О - калий тотығы.

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" сәуір № 938 қаулысына
2-қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидия нормалары


 
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір өлшем бірлігінің
құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған
субсидия нормасы, теңге
1
Карбамид (N-46,3%)
тонна
30
20 700
2
Аммоний сульфаты
(N-21%)
тонна
30
9 900
3
Нитроаммофоска
(N-15%, P-15%, K-15%)
тонна
30
36 000
4
КАС (карбамид-аммиакті қоспасы)
N-27-33%
литр
30
16,50

      Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
      N – азот;
      Р – фосфор;
      К – калий.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады