"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидия нормалары белгіленсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | |
_____________А. Мамытбеков | |
2015 жылғы "28" сәуір |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "27" сәуірдегі № 939 қаулысына қосымша |
Субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидия нормалары
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:г/кг – грамм/килограмм; г/л – грамм/литр;
кг (л) – килограмм (литр); э.к.- эмульсия концентраты;
м.ш. - майлы шашырама; с.е.к.-суда еритін концентрат;
с.д.т.- сулы дисперленген түйіршіктер; с.к.- сулы концентрат;
с.е.- сулы ерітінді; с.к. - суспензиялы концентрат;
с.м.э.- сулы-майлы эмульсия.