"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы:
1) облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын;
3) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға заңды тұлға ретінде айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Әлібаев |