Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 680 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 5697 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы, "Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Жобаларға сараптама жүргізу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын облыстық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;

      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын;

      3) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін облыстық бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға заңды тұлғалар ретінде айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қызылорда облысы әкімдігінің 29.09.2017 № 887 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Бюджеттік инвестициялардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 88 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5099 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады