"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | |
______________ А. Мамытбеков | |
2015 жылғы "___"___________ |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "1" қазандағы № 175 қаулысына қосымша |
2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісі
№ | Дақыл | Аймақтар | ||
1 | 2 | 3 | ||
Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 1 гектарға тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары, килограмм | ||||
1 | Арпа | 10,4 | 10,4 | 10,19 |
2 | Жүгері (будан) | - | 39,00 | 39,00 |
3 | Күріш | 6,36 | 5,63 | 5,97 |
4 | Мақсары | 0,38 | 0,35 | 0,37 |
5 | Бұршақты көп жылдық шөптер | 13,00 | 13,00 | 13,00 |
Ескерту:
1 – оңтүстік аймақ (Жаңақорған, Шиелі аудандары);
2 – орталық аймақ (Жалағаш, Қармақшы, Сырдария аудандары және Қызылорда қаласы);
3 – солтүстік аймақ (Арал, Қазалы аудандары).