2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 01 қазандағы № 175 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қазанда № 5178 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітілсін.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ______________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы "___"___________

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "1" қазандағы
№ 175 қаулысына қосымша

2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісі


р/с

Дақыл

Аймақтар

1

2

3

Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 1 гектарға тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары, килограмм

1

Арпа

10,4

10,4

10,19

2

Жүгері (будан)

-

39,00

39,00

3

Күріш

6,36

5,63

5,97

4

Мақсары

0,38

0,35

0,37

5

Бұршақты көп жылдық шөптер

13,00

13,00

13,00

      Ескерту:

      1 – оңтүстік аймақ (Жаңақорған, Шиелі аудандары);

      2 – орталық аймақ (Жалағаш, Қармақшы, Сырдария аудандары және Қызылорда қаласы);

      3 – солтүстік аймақ (Арал, Қазалы аудандары).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады