Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекіту туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қазанда № 5195 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бақару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қоса берілген Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының мәслихатының
      39-сессиясының төрағасы хатшысы
      Р. Байназарова А. Әлназарова

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2015 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 303 шешiмiмен бекітілген

Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ереже

      1. Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

      2. Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен мәдениеттегі, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету салаларындағы, жастарға тәрбие беру жұмыстарындағы, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери және қоғамдық, мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметі және облыстағы белсенді еңбегі мен қоғамдық-саяси қызметі үшін және өзге де сіңірген еңбектерін ардақтау белгісі ретінде облыс азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары наградталуы мүмкін.
      3. Құрмет грамотасы:
      1) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған;
      2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған;
      4) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте әкімшілік жазасы өтелмеген немесе алынбаған азаматтар наградталмайды.
      4. Құрмет грамотасымен қайта наградтау жүргізілмейді.
      5. Құрмет грамотасы келесі сипаттамада болуы қажет:
      1) мұқабаның биіктігінің төрттен біріндей деңгейде ортасына қарай Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасқан;
      2) ортадан сәл төменірек: "Құрмет грамотасы" - деген сөз жазылған;
      3) оның бірінші бетінде Елтаңба салынған, ал ішкі беттері алтын түстес ұлттық өрнекпен бейнеленген;
      4) ішкі бетіндегі жазулар қазақ және орыс тілдерінде жазылады.

3. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыным облыс әкімдігіне ұсынылады және онда ұсынылушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын қызметі туралы мәліметтер, саладағы және тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша жалпы еңбек стажы, еңбек жолы мен жетістіктері туралы, наградтары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
      7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсынымды еңбек, шығармашылық ұжымдары, қалалық, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 29.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын өз бетімен ұсынған азаматтардан келіп түскен материалдар қаралмайды.
      9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі облыс әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.
      Комиссияның оң қорытындысына сәйкес облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкім қабылдау арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 29.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын облыс әкімі немесе облыстық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 29.03.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шаралары мен наградталған тұлғалардың есебін "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кызылординской области

Решение Кызылординского областного маслихата от 16 сентября 2015 года № 303. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 22 октября 2015 года № 5195.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Кызылординский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о награждении Почетной грамотой Кызылординской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель
39 сессии Кызылординского
областного маслихата
Р. Байназарова
СекретарьКызылординского областногомаслихатаА. Альназарова

  Утвержден
решением Кызылординского областного маслихата
от 16 сентября 2015 года № 303

Положение о награждении Почетной грамотой Кызылординской области

1. Общее положение

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой Кызылординской области разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой Кызылординской области.

2. Требования по награждению Почетной грамотой

      2. Почетной грамотой Кызылординской области (далее - Почетная грамота) награждаются граждане области, в знак признания их заслуг за значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре и образовании, здравоохранении, в укреплении законности и правопорядка, в сфере оказания услуг, физической культуры и спорта, в воспитании молодежи, в воинской, общественной и государственной службе и самоуправлении, осуществляющие плодотворную работу по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей, занимающиеся благотворительной деятельностью, за активную общественно-политическую и трудовую деятельность, а также иностранные граждане.

      3. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      1) граждане, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент представления к Званию;

      2) граждане, признанным судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      3) граждане, привлеченные за действия коррупционного правонарушения;

      4) граждане, имеющие административное взыскание, которое не погашено или не снято в установленном законодательством порядке на момент представления к Званию.

      4. Повторное награждение Почетной грамотой не производится.

      5. Почетная грамота должна соответствовать следующим описаниям:

      1) на уровне одной четвертой части высоты посередине обложки расположен Герб Республики Казахстан;

      2) чуть ниже середины написано слово: "Почетная грамота";

      3) на его первой странице нарисован Герб, а внутри страницы изображен национальном орнаментом цвета золото;

      4) надписи внутри производятся на казахском и русском языках.

3. Порядок награждения Почетной грамотой

      6. Представление о награждении Почетной грамотой направляется в акимат области, в котором указываются: фамилия, имя, отчество, число, месяц, год рождения, сведения об образовании, о месте работы и занимаемой должности, общий стаж работы в отрасли, в соответствующей организации по соответствующей профессии или должности, сведения о трудовой деятельности, сведения о достижениях и об имеющихся наградах и почетных званиях.

      7. Представление о награждении Почетной грамотой от имени трудовых, творческих коллективов, городских, районных представительных и исполнительных органов, общественных объединений вносят их руководители..

      Сноска. Пункт 7 – в редакции решения Кызылординского областного маслихата от 29.03.2024 № 91 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Материалы, поступившие от граждан самостоятельно представляющих свою кандидатуру для награждения Почетной грамотой, не рассматриваются.

      9. Поступившие документы по награждению Почетной грамотой для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению направляются в комиссию при акиме области по наградам (далее - Комиссия).

      Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом области и председателем маслихата области (или лиц исполняющих их обязанности) согласно положительного заключения Комиссии путем принятия совместного распоряжения.

      Сноска. Пункт 9 – в редакции решения Кызылординского областного маслихата от 29.03.2024 № 91 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким области или председатель маслихата области либо иное лицо по их поручению.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Кызылординского областного маслихата от 29.03.2024 № 91 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Мероприятия по документационному и иному обеспечению, а также по учету лиц, награжденных Почетной грамотой, производятся государственным учреждением "Аппарат акима Кызылординской области".