"Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 91 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 8505-11 болып тіркелді

      Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5195 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсынымды еңбек, шығармашылық ұжымдары, қалалық, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.";

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі облыс әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.

      Комиссияның оң қорытындысына сәйкес облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкім қабылдау арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.";

      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын облыс әкімі немесе облыстық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады