"Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 2905 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 4908 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 4721 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 08.12.2015 № 4721 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Н.Ахатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "23" ақпандағы № 2905
қаулысымен бекітілген

"Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ветеринариялық бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.
      3. Бөлімнің мынадай ведомствосы бар:
      1) Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің "Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      4. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      7. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. Бөлімнің өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      9. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, №16.
      Бөлімнің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      11. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
      12. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. Бөлімнің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Бөлімнің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      16. Бөлімнің мiндеттерi:
      1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу шараларын ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      10) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалау:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспорт (импорт) және транзитті қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
      16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жабдықтау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      28) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      29) жеке және заңды тұлғалардың Бөлімге жолдаған өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру;
      30) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
      31) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      18. Ведомствоның функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
      2) ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
      3) ауылшаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
      4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жүргізу), сақтау, сондай-ақ ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтерн көрсету;
      5) құрылсын тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауылшаруашылық жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
      6) қаңғыбас иттермен мысықтарды аулауды және жою;
      7) ветеринариялық анықтама беру;
      8) ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
      9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
      10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.
      19. Бөлімнің құқықтары:
      1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
      3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын сақтау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын беруге;
      6) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
      7) уәкілетті орган белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы;
      8) бөлім қызметі бойынша қала басшылығы мен қала әкімдігі отырысының қарауына ұсыныстар енгізуге;
      9) қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін дайындауға қатысуға;
      10) бөлім мұқтаждығына қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жасау үшін конкурстар ұйымдастыруға және қатысуға;
      11) мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да іс-шараларды атқаруға.

3. Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру

      20. Бөлім басшылықты бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      21. Бөлімнің бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) Бөлім басшысы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді;
      2) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
      3) өз құзіреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда таныстыру;
      4) заңдарда белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      5) бөліммен қабылданған актілерге қол қояды;
      6) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бөлімді барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады.
      7) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелер орындауға міндетті ұсыныстар мен нұсқаулар береді, өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қабылдайды;
      10) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Бөлімнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкi

      24. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      25. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бөлімнің қарамағындағы ұйымның тiзбесi:
      1. Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің "Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Кызылординский городской отдел ветеринарии и ветеринарного контроля"

Постановление акимата города Кызылорда Кызылординской области от 23 февраля 2015 года № 2905. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 10 марта 2015 года № 4908. Утратило силу постановлением акимата города Кызылорда Кызылординской области от 08 декабря 2015 года № 4721

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Кызылорда Кызылординской области от 08.12.2015 № 4721 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат города Кызылорда ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Кызылординский городской отдел ветеринарии и ветеринарного контроля".
      2. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима города Кызылорда Ахатову Н.
      3. Настоящее постановления вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Аким города Кызылорда Н. Налибаев

  Утверждено
постановлением акимата города Кызылорда
от "23"февраля 2015 года № 2905

ПОЛОЖЕНИЕ коммунального государственного учреждения "Кызылординский городской отдел ветеринарии и ветеринарного контроля"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждения "Кызылординский городской отдел ветеринарии и ветеринарного контроля" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере ветеринарного контроля.
      2. Учредителем Отдела является акимат города Кызылорды.
      3. Отдел имеет следующее ведомства:
      1) Коммунальное государственное предприятия на праве хозяйственного ведения "Кызылординская городская ветеринарная станция" Кызылординского городского отдела ветеринарии и ветеринарного контроля".
      4. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      5. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      6. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      7. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      8. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      9. Структура и лимит штатной численности отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      10. Местонахождение юридического лица: индекс 120014, Республика Казахстан, Кызылординская область, город Кызылорда, улица Ыбырая Жахаева №16.
      График работы Отдела ежедневно, с понедельника по пятницу, с 09.00 до 19.00 часов (перерыв с 13.00 до 15.00 часов), кроме субботы, воскресенья и других выходных и праздничных дней, установленных законодательными актами.
      11. Полное наименование государственного органа - коммунальное государственное учреждения "Кызылординский городской отдел ветеринарии и ветеринарного контроля".
      12. Настоящее Положение является учредительным документом отдела.
      13. Финансирование деятельности отдела осуществляется из местного бюджета.
      14. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями отдела.
      Если отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход местного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Отдела

      15. Миссия отдела является проведение единой государственной политики в области ветеринарии.
      16. Задачи отдела:
      1) организация охраны здоровья населения от болезней, общих для животных и человека;
      2) защита животных от болезней и организовать меры их лечения;
      3) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      4) охрана территории соответствующей административно-территориальной единицы от заноса и распространения заразных и экзотических болезней из других государств;
      5) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в сфере ветеринарии.
      17. Функции Отдела:
      1) внесение в местный представительный орган области для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;
      2) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      3) организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      4) организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;
      5) организация и проведение просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии;
      6) организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      7) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      8) возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      9) принятие решений об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных на территории района (города областного значения);
      10) принятие решений о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории района (города областного значения);
      11) утверждение списка государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;
      12) организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;
      13) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      14) выдача акта эпизоотологического обследования;
      15) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      16) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      17) составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      18) организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      19) организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      20) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      21) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;
      22) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;
      23) внесение предложений в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      24) внесение предложений в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;
      25) организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      26) внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      27) организация санитарного убоя больных животных;
      28) прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";
      29) рассматривать обращения, направленные в Отдел физическими и юридическими лицами, в случаях и порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставлять на них ответы;
      30) организация прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      31) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      18. Функции ведомства:
      1) проведение ветеринарных мероприятий против особо опасных, незаразных и энзоотических болезней животных;
      2) проведение иденфикации сельскохозяйственных животных;
      3) оказанию услуг по искусственному осеменению животных;
      4) оказание услуг по транспортировке (доставке), хранению ветеринарных препаратов против особо опасных и энзоотических болезней животных, а также транспортировке (доставке) изделий (средств) и атрибутов ветеринарного назначения для проведения иденфикации сельскохозяйственных животных;
      5) содержание скотомогильников (биотермических ям), убойных площадок, построенных местными исполнительными органами соответствующих административно-территориальных единиц;
      6) отлов и уничтожение бродячих собак и кошек;
      7) выдача ветеринарной справки;
      8) ведение базы данных по идентификаций сельскохозяйственных животных и выдача выписки из нее;
      9) отбор проб биологического материала и доставки их в ветеринарную лабораторию;
      10) оказание услуг по транспортировке больных животных на санитарный убой.
      19. Права Отдела:
      1) запрашивать и получать необходимую информацию от уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и иных организаций для осуществления возложенных на него задач;
      2) утверждение плана ветеринарных мероприятий по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы по согласованию с уполномоченным органом;
      3) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;
      4) организация и ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      5) вносить в местный исполнительный орган соответствующей административно-территориальной единицы предложение о снятии ограничительных мероприятий или карантина направленного на предотвращение, распространение и ликвидацию заразных болезней животных;
      6) принимать решение об изъятии и уничтожении продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      7) выносить решения о делении территории на зоны в порядке, установленном уполномоченным органом;
      8) вносить предложение на рассмотрение руководства города и заседаний акимата города по вопросам деятельности отдела;
      9) участвовать в подготовке проектов нормативных правовых актов акима и акимата города;
      10) организовывать конкурсы и осуществлять государственные закупки товаров, работ и услуг для нужды отдела;
      11) взаимоотношения между юридическим лицом и уполномоченным органом по государственному имуществу, юридическим лицом и уполномоченным органом соответствующей отрасли, администрацией юридического лица и его трудовым коллективом регулируется в соответствии с действующим законодательством;
      12) иные исполнительные мероприятия, представленные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности отдела

      20. Руководство отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел задач и осуществление им своих функций.
      21. Первый руководитель отделаназначается на должность и освобождается от должности акимом города.
      22. Полномочия первого руководителя отдела:
      1) за корупционно-правовые и правовые нарушение сотрудников отвечает персонально руководитель отдела;
      2) определяет обязанности и полномочия своих подчиненных;
      3) представляет отдел в государственных органах и иных организациях;
      4) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на работников отдела;
      5) подписывает акты отдела;
      6) в соответствии законодательством Республики Казахстан представляет отдел другим государственным органам и организациям;
      7) дает поручения и рекомендации всем предприятиям, организациям и отделениям по вопросам, входящим в его полномочия;
      8) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности сотрудников отдела;
      9) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников отдела;
      10) организует работы по реализаций политики гендорного равенства;
      11) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      23. Аппарат отдела возглавляется, руководителем отдела, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество отдела

      24. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за отделом, относится к коммунальной собственности.
      26. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение отдела

      27. Реорганизация и упразднение отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Перечень организаций, находящихся в ведении отдела и его ведомство:
      1. Коммунальное государственное предприятия на праве хозяйственного ведения "Кызылординская городская ветеринарная станция" Кызылординского городского отдела ветеринарии и ветеринарного контроля".