"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 2905 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4908 тіркелген, 2015 жылғы 11 наурыздағы №10 "Кызылорда Таймс", 2015 жылғы 12 наурыздағы №19 "Ақмешіт апталығы" газеттерінде және 2015 жылғы 12 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары К.Ансатбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚАЛА ӘКІМІ | Н. НӘЛІБАЕВ |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "08" желтоқсандағы № 4721 қаулысымен бекітілген |
"Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.
3. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
1) Қызылорда қалалық ветеринария бөлімінің "Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
4. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
7. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
9. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120016, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі, №31.
"Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
11. Мемлекеттiк органның толық атауы -"Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
12. Осы Ереже "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.16. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мiндеттерi:
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу шараларын ұйымдастыру;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
17. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалау:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспорт (импорт) және транзитті қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жабдықтау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
28) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
29) жеке және заңды тұлғалардыңБөлімге жолдаған өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру;
30) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардыңөкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
31) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
18. Ведомствоның функциялары:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
3) ауылшаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жүргізу), сақтау, сондай-ақ ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтерн көрсету;
5) құрылсын тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауылшаруашылық жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
6) қаңғыбас иттермен мысықтарды аулауды және жою;
7) ветеринариялық анықтама беру;
8) ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.
19. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын сақтау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын беруге;
6) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
7) уәкілетті орган белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы;
8) бөлім қызметі бойынша қала басшылығы мен қала әкімдігі отырысының қарауына ұсыныстар енгізуге;
9) қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін дайындауға қатысуға;
10) бөлім мұқтаждығына қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жасау үшін конкурстар ұйымдастыруға және қатысуға;
11) мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да іс-шараларды атқаруға.
3. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру
20. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.21. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді;
2) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
3) өз құзіреті шегінде "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда таныстыру;
4) заңдарда белгіленген тәртіппен "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен қабылданған актілерге қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады.
7) "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелер орындауға міндетті ұсыныстар мен нұсқаулар береді, өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қабылдайды;
10) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы басқарады.
4. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi
24. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Қызылорда қалалық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымның тiзбесi:
1. Қызылорда қалалық ветеринария бөлімінің "Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.