"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 167 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 наурыздағы N 218 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі N 4932 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi № 2247 Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-1 Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 167 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4668 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 36 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы".
      көрсетілген шешіммен бекітілген қағиданың мемлекеттік тілдегі нұсқасының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары".
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      6-тармақ 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балалар";
      8- тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрыңғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға -20 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – бір жолғы көмек 150000 теңге".
      келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек ай сайын шекті шама 7,6 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының
      кезектен тыс отыз бесінші
      сессиясының төрағасы, аудандық
      мәслихаттың хатшысы К.Данабай
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының
      жұмыспен қамтуды үйлестіру
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ____________ Ж. Жылқышиева
      "03" наурыз 2015 жыл

О внесении изменений и дополнений в решение Аральского районного маслихата от 23 апреля 2014 года № 167 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 03 марта 2015 года N 218. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 01 апреля 2015 года N 4932

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года № 2247 "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Законом Республики Казахстан от 12 декабря 1995 года № 2676 "О государственных наградах Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года № 365-1 "О специальном государственном пособии в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Аральский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Аральского районного маслихата от 23 апреля 2014 года № 167 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4668, опубликовано в районной газете "Толқын" от 21 мая 2014 года № 36) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:
      дополнить пункт 6 подпунктом 12-1):
      "12-1) дети заболевшие болезнью гемотологическими заболеваниями, включая гемобластозы и апластическую анемию состоящие на диспансерном учете".
      подпункт 1) пункта 8 изложить в следующей новой редакции:
      "1) ко Дню Победы – 9 мая:
      не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне; бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны - 40 месячного расчетного показателя;
      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 20 месячного расчетного показателя;
      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июны 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 30 месячного расчетного показателя;
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны –единовременная помощь -150000 тенге";
      дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:
      "12-1. Детям, состоящим на диспансерном учете с гематологическими заболеваниями, включая гемобластозы и апластическую анемию предоставляется ежемесячная социальная помощь, в размере предельного размера, не превышающего - 7,6 месячного расчетного показателя.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель внеочередной


      тридцать пятой сессии Аральского


      районного маслихата, секретарь


      районного маслихата

К.Данабай

      "СОГЛАСОВАНО"


      Руководитель государственного


      учреждения "Управление
      координации


      занятости и социальных программ


      Кызылординской области"


      ______________ Ж. Жылкышиева


      "03" марта 2015 года