"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 167 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЖаңаҚызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 наурыздағы N 218 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі N 4932 болып тіркелді
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 167 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4668 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 36 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы".
көрсетілген шешіммен бекітілген қағиданың мемлекеттік тілдегі нұсқасының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары".
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
6-тармақ 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балалар";
8- тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрыңғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға -20 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – бір жолғы көмек 150000 теңге".
келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек ай сайын шекті шама 7,6 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз