"Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 232-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 қазанда № 5159 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 97-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 17.05.2016 № 97-қ қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж. Әлішеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ

  Арал ауданы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы "04" қыркүйектегі
№ 232-қ қаулысымен бекітілген

"Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Арал ауданы әкiмiнiң қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
      3. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120100, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Школьная көшесi, № 33.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлермен "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
      14. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс режимі:
      дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы: Арал ауданы әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
      16. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің мiндеттерi:
      1) Арал ауданы әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудегi әкiмдiктiң барлық құрылымдық бөлiмшелерi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мiндеттер.
      17. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің функциялары:
      1) аудан әкiмiне және әкiмдiгiне есеп беретiн жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жасау;
      2) аудан әкiмiне және әкiмдiк мүшелерiне тиiстi мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
      3) басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ әкiмдiктiң және әкiмнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан келiп түскен өтiнiштер мен ақпараттарды жинауды және өңдеудi жүзеге асыру;
      4) әкiм мен әкiмдiк қызметiнiң бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз ету;
      5) әкiм мен әкiмдiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету;
      6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      8) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындайды;
      9) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
      10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
      12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
      15) жұмыстың тәсiлi мен әдiстерiн жақсарту, жаңа ақпараттық технологиялар енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзу;
      16) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын жоспарлау, әкiмдiктiң отырыстары, мәжiлiстерi, семинарлары мен басқа да iс-шараларды дайындауын ұйымдастыру және өткiзу;
      17) облыс әкiмiне және әкiмдiгiне әкiмдiк қаулыларын, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн өзгерту, тоқтата тұру, тоқтату туралы, әкiм және әкiмдiктiң қолданыстағы заңнамаға қайшы актiлерiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
      18) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң, аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларының және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      19) әкiмнiң және әкiмдiк актiлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестiлiгiне заңдық сараптама жүргiзу;
      20) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк қызметшiлерi мен атқарушы органдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату кезiнде материалдарды ресiмдейдi, мемлекеттiк қызметтi өткеру, кадрларды iрiктеуге және орналастыруға байланысты мәселелердi шешу, олардың жеке iстерiн жүргiзу;
      21) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi iс жүргiзудi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргiзу;
      22) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн және қызметтiк құжаттарды қарау;
      23) басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауын ұйымдастыру;
      24) аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудегi жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру;
      25) мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шаралар қолдану;
      26) мемлекеттiк қызметтер көрсету;
      27) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өз құзыретінің шегінде басқа да функцияларды жүзеге асыру.
      18. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің құқықтары мен мiндеттерi:
      1) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi әкiмдiктiң және әкiмнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажеттi ақпараттарды, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар;
      2) өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша Аппарат бөлiмдерiнiң басшыларына қажеттi тапсырмалар беруге;
      3) тиiстi аумақта басқа мемлекеттiк басқару органдарымен, қоғамдық өзiн өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасауға;
      4) мемлекеттiк көлiк құралдарын, байланыс және коммуникация жүйелерiн пайдалануға;
      5) аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң қабылдаған актiлерi бойынша келiсудi қамтамасыз етуге;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      19. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшылықты "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:
      1) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және оған жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн дербес жауапты болады;
      2) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің басшысы iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;
      3) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің басшысы құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне жалпы басшылық жасау мен үйлестiрудi жүзеге асырады, олар туралы ережелер әзiрлейдi, аппарат бөлiмдерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, аудан әкiмi тағайындайтын қызметкерлерден басқа қызметкерлердi қызметке тағайындайды, босатады және тәртiптiк жауапкершiлiкке тартады;
      5) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiндегі мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      6) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлері орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар бередi;
      7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      8) әкiмге әкiмдiк қаулыларының, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын қол қоюға ұсынады;
      9) аудан әкiмдiгi қабылдаған қаулылардың, шешiмдер мен өкiмдердiң орындалуын бақылау жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      10) мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;
      11) өз құзыры шегiнде қызметтiк құжаттамаларға қол қояды;
      12) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн iссапарларға жiбередi;
      13) нормативтiк құқықтық актiлердiң, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзiрлеу үшiн жұмыс топтарын құрады;
      14) "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi ақшалай қаражатына иелiк етедi, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      15) өзiне әкiм жүктеген басқа да мiндеттердi орындайды.
      22. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      23. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      24. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Арал ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района"

Постановление Аральского районного акимата Кызылординской области от 04 сентября 2015 года № 232-қ. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 01 октября 2015 года № 5159. Утратило силу постановлением Аральского районного акимата Кызылординской области от 17 мая 2016 года № 97-қ

      Сноска. Утратило силу постановлением Аральского районного акимата Кызылординской области от 17.05.2016 № 97-қ (вводится в действие со дня подписания).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Аральского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Аральского района Алишевой Ж.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      АКИМ РАЙОНА А. МУХИМОВ

  Утверждено постановлением акимата
Аральского района от
"04" сентября 2015 года № 232-қ

Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима Аральского района.
      2. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" не имеет ведомств.
      3. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 120100, Республика Казахстан, Кызылординская область, Аральский район, город Аральск, улица Школьная, №33.
      10. Полное наименование государственного органа - коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района".
      12. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" осуществляется из местного бюджета.
      13. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Аральского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Аппарата.
      Если Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Аральского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход республиканского бюджета.
      14. Режим работы коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района":
      понедельник - пятница с 9.00 часов до 19.00 часов, обеденный перерыв с 13.00 часов до 15.00 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      15. Миссия коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района": осуществление информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима и акимата района.
      16. Задачи коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района":
      1) повышение эффективности работы всех структурных подразделений акимата в информационно-аналитическом, организационно-правовом и материально-техническом обеспечении деятельности акимата и акима района.
      2) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      17. Функции коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района":
      1) анализ работы местных органов государственного управления и должностных лиц, подотчетных акиму и акимату района;
      2) подготовка информации акиму и членам акимата района по соответствующим вопросам;
      3) осуществление сбора и обработки информации, поступающей из других государственных органов и организаций, а также обращений физических и юридических лиц по вопросам, относящимся к компетенции акимата и акима;
      4) обеспечение освещения деятельности акимата и акима в средствах массовой информации;
      5) обеспечение официального опубликования нормативных правовых актов акимата и акима в средствах массовой информации;
      6) принимает меры по защите прав и свобод граждан;
      7) взаимодействует с органами местного самоуправления;
      8) определяет исполнительный орган, финансируемый из соответствующего местного бюджета, в качестве уполномоченного органа для ведения реестра непрофессиональных медиаторов;
      9) поддерживает и оказывает содействие в материально-техническом обеспечении дошкольных организаций, государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования (за исключением организаций образования в исправительных учреждениях уголовно-исполнительной системы), учреждений социально-культурной сферы;
      10) содействует сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;
      11) вносит на утверждение соответствующих маслихатов схемы управления административно-территориальной единицей, сформированные на основе базовых структур местного государственного управления, утверждаемых Правительством Республики Казахстан;
      12) представляет персональные составы консультативно-совещательных органов по вопросам межведомственного характера на утверждение в маслихат;
      13) в пределах своей компетенции организует и обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан по вопросам о воинской обязанности и воинской службы, мобилизационной подготовки и мобилизации, в сфере гражданской защиты, а также регистрации актов гражданского состояния;
      14) координирует работу нижестоящих акимов по вопросам, входящим в их компетенцию, в том числе по созданию правовых, организационных условий для становления и развития местного самоуправления;
      15) проведение работы по улучшению стиля и методов работ, внедрению новых информационных технологий;
      16) планирование работы коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" организация подготовки и проведение заседаний акимата, совещаний, семинаров и других мероприятий;
      17) внесение предложений акиму и акимату области об изменении, приостановлении, прекращении постановлений акимата, решений, распоряжений акима, об отмене противоречащих действующему законодательству актов акима и акимата;
      18) осуществление контроля за исполнением актов и поручений Президента Республики Казахстан, Правительства, акима и акимата области, акима и акимата района и других нормативных правовых актов;
      19) проведение юридической экспертизы актов акима и акимата на соответствие действующему законодательству Республики Казахстан;
      20) оформление материалов при назначении на должность и освобождение от должности государственных служащих коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" и руководителей исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, решение вопросов, связанных с прохождением государственный службы, подбором и расстановкой кадров, ведение их личных дел;
      21) ведение делопроизводства коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      22) рассмотрение служебных документов и обращений физических и юридических лиц;
      23) организация личного приема граждан и представителей юридических и физичиских лиц руководством;
      24) повышение эффективности работы в материально-техническом обеспечении деятельности акима и акимата района;
      25) принятие мер, направленных на широкое применение государственного языка;
      26) оказание государственных услуг;
      27) в пределах своей компетенции осуществление других функции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района":
      1) Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" имеет право запрашивать и получать необходимую информацию, документы и другие материалы от государственных органов, должностных лиц и других организаций по вопросам, входящим в компетенцию акимата и акима;
      2) давать необходимые поручения руководителям отделов коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" по вопросам своей компетенции;
      3) взаимодействовать с другими органами государственного управления, органами общественного самоуправления на соответствующей территории;
      4) использовать государственные транспортные средства, системы связей и коммуникаций;
      5) обеспечивать согласование по принимаемым актам акимата и акима района;
      6) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" осуществляется руководителем аппарата акима Аральского района, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" задач и осуществлениеим своих функций.
      20. Руководитель коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      21. Полномочия руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района":
      1) организует и руководит работой коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на него функций и задач, а также за непринятие мер по противодействию коррупции;
      2) устанавливает внутренний трудовой распорядок коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района";
      3) осуществляет общее руководство и координацию деятельности отделов коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района", разрабатывает положения о них, определяет обязанности и полномочия их руководителей;
      4) назначает, освобождает и привлекает к дисциплинарной ответственности работников в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, кроме назначаемых акимом;
      5) контролирует исполнение законодательства о государственной службе в аппарате;
      6) издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения работниками коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района";
      7) несет персональную ответственность за организацию работы по противодействию коррупции;
      8) реализует политику гендерного равенства;
      9) представляет на подпись акиму проекты постановлений акимата, решений и распоряжений акима;
      10) координирует работу по контролю за исполнением принятых постановлений акимата района, решений и распоряжений;
      11) контролирует работу с кадрами в соответствии с законодательством о государственной службе и трудовым законодательством;
      12) подписывает служебную документацию в пределах своей компетенции;
      13) направляет работников коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" в командировки;
      14) образовывает рабочие группы для разработки проектов нормативных правовых актов, программ и других документов;
      15) распоряжается денежными средствами коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района", подписывает финансовые документы;
      16) осуществляет иные полномочия, возложенные на него акимом.
      22. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" возглавляется руководителем коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района", назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      23. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      24. Имущество, закрепленное за коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района", относится к коммунальной собственности.
      25. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      26. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Аральского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.