Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 97-қ қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арал ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 232-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 1 қазанда № 5159 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 77, 2015 жылғы 10 қазандағы № 78 және 2015 жылғы 14 қазандағы № 79 сандарында ресми жарияланған);

      2) "Арал ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 280-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 10 желтоқсанда № 5257 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 98 санында ресми жарияланған);

      3) "Арал аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 308-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 14 желтоқсанда № 5264 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 100 санында ресми жарияланған).

      2. "Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Арал аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады