"Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 283 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 12 тамызда № 5096 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 315 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 315 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы № 47 шешімі жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қармақшы аудандық Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезекті мәслихатының хатшысы
      41-сессиясының төрағасы
      _____________М. Ибраев _____________М.Наятұлы

  Қармақшы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 283 шешімімен бекітілген

"Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қармақшы аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органындарында шоттары болады.
      5. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қармақшы аудандық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120500, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, №1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мекемесінің жұмыс режимі:
      1) "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі аптада 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысы жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00 де басталып, сағат 19.00 де аяқталады. Сағат 13.00 ден 15.00 ге дейін үзіліс.
      3) сенбі, жексенбі күндері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі жұмыс істемейді.
      12. Осы Ереже "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Қармақшы аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      16. Міндеттері:
      Қармақшы аудандық мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруына көмек көрсетеді.
      17. Функциялары:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндеттері мен функцияларын іске асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде Қармақшы аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      3) азаматтардың (сайлаушылардың) Қармақшы аудандық мәслихатына жолдаған хаттарын, арыз-шағымдарын тіркейді және қарайды, депутаттардың назарына жеткізеді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;
      4) "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
      5) Қармақшы аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды әділет органдарына тіркеуге жолдайды;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қармақшы аудандық мәслихатының шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
      7) Қармақшы аудандық мәслихатының іс-жүргізу қызметін жүргізеді;
      8) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қармақшы аудандық мәслихатының сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды және қызметтен босатады.
      21. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
      22. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      6) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
      7) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
      8) аудан әкіміне сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамшылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      9) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
      10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
      11) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
      12) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
      13) заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      14) "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Қармақшы аудандық мәслихатының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
      "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат
      сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      23. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
      24. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлкті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата"

Решение Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 23 июля 2015 года № 283. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 12 августа 2015 года № 5096. Утратило силу решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 23 декабря 2015 года № 315

      Сноска. Утратило силу решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 23.12.2015 № 315 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата" Кармакшинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата".
      2. Отменить решение Кармакшинского районного маслихата от 26 марта 2008 года № 47 "Об утверждении Положения Государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата".
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Председатель очередной Секретарь Кармакшинского
      41-сессии Кармакшинского районного районного маслихата
      маслихата
      __________М. Ибраев ___________М. Наятулы

  Утверждено решением
Кармакшинского районного маслихата
от "23" июля 2015 года № 283

Положение государственного учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающий деятельность Кармакшинского районного маслихата, его органов и депутатов.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" является юридическим лицом в организационно-правовой форме, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" вступает в гражданско - правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря Кармакшинского районного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 120500, Республика Казахстан, Кызылординская область, Кармакшинский район, поселок Жосалы, улица Коркыт ата, № 1.
      10. Полное наименование государственного органа: Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата".
      11. Режим работы государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата":
      1) Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" работает 5 (пять) дней в неделю;
      2) работа государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" начинается по местному времени в 09.00 часов, заканчивается в 19.00 часов. Перерыв: с 13.00 до 15.00 часов;
      3) В субботу, воскресенье а также установленные законодательством Республики Казахстан в праздничные дни государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" не работает.
      12. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата"
      13. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" осуществляется из бюджета района.
      14. Государственному учреждению "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" запрещается вступать договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата".

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      15. Миссия государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата":
      Осуществляет организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Кармакшинского районного маслихата и его органов, являющимся выборным органом, избираемый населением района, выражающий волю населения и в соответствии с законодательством Республики Казахстан определяющий меры, необходимые для ее реализации, и контролирующий их осуществление.
      16. Задачи:
      Оказывает помощь депутатам Кармакшинского районного маслихата в осуществлении их полномочий.
      17. Функции:
      Осуществляет обязаности и функции в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законадательными актами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, и иными нормативными правовыми актами.
      18. Права и обязанности:
      1) обеспечение соблюдения Регламента Кармакшинского районного маслихата в пределах своей компентенции;
      2) оказывает помощь депутатам в осуществлении их полномочий, информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности маслихата и его органов;
      3) регистрирует и рассматривает письма, заявления и обращения направленные в Кармакшинский районный маслихат гражданами (избирателями), доводит их до сведения депутатов, контролирует их исполнение, при необходимости готовит на них ответы;
      4) организует прием граждан в государственном учреждений "Аппарат Кармакшинского районного маслихата";
      5) участвует в разработке актов Кармакшинского районного маслихата, а также их отправление для регистрации в органах юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан;
      6) в порядке предусмотренных законодательством Республики Казахстан обеспечивает публикацию решений Кармакшинского районного маслихата в средствах массовой информации;
      7) ведет делопроизводство Кармакшинского районного маслихата;
      8) деятельность государственных служащих аппарата маслихата осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      9) осуществляет иные обязанности и функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство в государственном учреждений "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" избирается на должность из числа депутатов и освобождается от должности открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов на сессии Кармакшинского районного маслихата.
      21. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" не имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      22. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата":
      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;
      5) обозначает полномочия и обязанности служащих аппарата в соответствии законодательством;
      6) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;      
      7) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      8) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с законодательством;
      9) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;
      10) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      11) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;
      12) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;
      13) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата;
      14) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      15) выполняет иные функции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и согласно решениям Кармакшинского районного маслихата.
      При отсутствии первого руководителя государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" по решению председателя сессии маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.
      23. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" возглавляется секретарем Кармакшинского районного маслихата избираемым на должность и освобождаемым от должности в соответсвии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      24. Взаимоотношения между юридическим лицом и уполномоченным органом по государственному имуществу (местным исполнительным органом), администрацией юридического лица и его трудовым коллективом регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      25. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" имеет на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      26. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" относятся к собственности района.
      27. Государственное учреждение "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" не вправе самостоятельно отчуждать или иными способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средства, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и ликвидация государственного органа

      28. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.