"Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 315 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 5320 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 27.09.2016 № 41 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 283 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 12 тамызында № 5096 нөмірімен тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінде 2015 жылғы 29 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қармақшы аудандық Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезекті мәслихатының хатшысы
      45-сессиясының төрағасы
      _____________О. Бодыбаев _____________М. Наятұлы

  Қармақшы аудандық мәслихатының
2015 жылғы "23" желтоқсандағы
№ 315 шешімімен бекітілген

"Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қармақшы аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органындарында шоттары болады.
      5. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қармақшы аудандық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120500, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі, №1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мекемесінің жұмыс режимі:
      дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс);
      сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      12. Осы Ереже "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
      16. Міндеттері:
      Қармақшы аудандық мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруына көмек көрсетеді.
      17. Функциялары:
      Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндеттері мен функцияларын іске асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.
      20. Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихаттың сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
      21. Қармақшы аудандық мәслихат хатшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
      22. Қармақшы аудандық мәслихат хатшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      11) "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Қармақшы аудандық мәслихатының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      23. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
      24. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек
      ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлкті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады