"Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 297 шешiмi. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2015 жылғы 12 қазанда № 5170 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихатының хатшысы
      42-сессиясының төрағасы
      __________ О. Бодыбаев __________ М. Наятұлы

  Қармақшы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 297 шешімімен бекітілген

"Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 тіркелген) сәйкес әзірленді және "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).

      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны Қармақшы аудандық мәслихат хатшысы құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия төрағасы болып Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы табылады.

      Комиссия хатшысы "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадр қызметінің қызметкері болып табылады (бұдан әрі – Кадр қызметі). Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

      Кадр қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын Кадр қызметінен алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Кадр қызметіне қайтарады.

      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Кадр басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде Кадр қызметіне жіберіледі.
      16. Кадр қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Кадр қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

      a = b + c

      a - қызметшінің қорытынды бағасы,

      b - тікелей басшының бағасы,

      c - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

      21 баллдан төмен - “қанағаттанарлықсыз”,

      21-ден 33 балға дейін - “қанағаттанарлық”,

      33 балдан жоғары - “тиімді”.

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Кадр қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекіту;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін Кадр қызметі санауда қате жіберілсе.

      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

      22. Кадр қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадр қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадр қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау
әдістемесіне 1-қосымша
нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: __________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

Өлшем

Көрсеткіштің мәні
 

Баға
(балл)

1

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



Таныстым:
Қызметші (тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________
күні ___________________________
қолы __________________________

Тікелей басшы (тегі, аты, әкесінің
аты)
______________________________
күні ___________________________
қолы __________________________

  "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау
әдістемесіне 2-қосымша
нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: __________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

Өлшем

Көрсеткіштің мәні
 

Баға
(балл)


Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)




Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)



  "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау
әдістемесіне 3-қосымша
нысан

Бағалау жөніндегі Комиссия отырысының хаттамасы

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік орган атауы)

Қызметшінің
тегі, аты, әкесінің аты

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1










      Комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Комиссия төрағасы: _______________________ Күні: ____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: ____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "аппарат Кармакшинского районного маслихата"

Решение Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 22 сентября 2015 года № 297. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 12 октября 2015 года № 5170. Утратило силу решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 28 апреля 2023 года № 27

      Сноска. Утратило силу решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 28.04.2023 № 27 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" Кармакшинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной Секретарь Кармакшинского
      42-сессии Кармакшинского районного районного маслихата
      маслихата
      __________О. Бодыбаев ___________М. Наятулы

  Утверждена решением
Кармакшинского районного маслихата
от 22 сентября 2015 года № 297

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Кармакшинского районного маслихата

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Кармакшинского районного маслихата (далее - Методика) разработана в соответствии с приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №10130) и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Кармакшинского районного маслихата (далее - служащие ).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее - оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на административной государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего);

      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.

      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.

      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.

      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее - Комиссия), которая создается секретарьем Кармакшинского районного маслихата.
      9. Комиссия состоит не менее чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.

      Председателем Комиссии является секретарь Кармакшинского районного маслихата.

      Секретарем Комиссии является сотрудник кадровой службы государственного учреждения "Аппарат Кармакшинского районного маслихата" (далее - Кадровая служба). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.

      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Кадровая служба формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.

      Кадровая служба уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункта 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от Кадровой службы, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в Кадровую службу в течение двух рабочих дней.

      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником Кадровой службы и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных - лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).

      Перечень таких лиц (не более трех) определяется Кадровой службой не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.

      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист кругавой по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в Кадровую службу в течение двух рабочих дней со дня их получения от Кадровой службы.
      16. Кадровая служба осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанных в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой Кадровой службой не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

      a = b + c

      где a - итоговая оценка служащего,

      b - оценка непосредственного руководителя,

      c - средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.

      Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:

      менее 21 балла – "неудовлетворительно",

      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно",

      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      19. Кадровая служба обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии. Кадровая служба предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      20. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:

      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки Кадровой службой при расчете результата оценки служащего.

      При этом не допускается снижение оценки служащего.

      21. Кадровая служба ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником Кадровой службы в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      22. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в Кадровой службе.

7. Обжалование результатов оценки

      23. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      24. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальное департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      25. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальны департамент.

  Приложение 1 к методике ежегодной
оценки деятельности админстративных
государственных служащих корпуса
"Б" аппарата Кармакшинского районного маслихата
форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Фамилия, имя, отчество оцениваемого служащего: _______________________________

      Должность оцениваемого служащего: _________________________________________

Критерий
 

Значение показателя

Оценка (баллы)

1

Инициативность

от 2 до 5


2

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


Итого (сумма всех оценок):



Ознакомлен(а):
Служащий (Фамилия, имя, отчество) ____________________________
дата ________________________
подпись _____________________

Непосредственный руководитель (Фамилия, имя, отчество.)
_____________________________________
дата _________________________________
подпись ______________________________

  Приложение 2 к методике ежегодной
оценки деятельности админстративных
государственных служащих корпуса
"Б" аппарата Кармакшинского районного маслихата
форма

Лист круговой оценки

      Фамилия, имя, отчество оцениваемого служащего:_______________________________

      Должность оцениваемого служащего: _________________________________________

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)


Подчиненный

1

Умение планировать работу

от 2 до 5


2

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)




Коллега

1

Умение работать в команде

от 2 до 5


2

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)



  Приложение 3 к методике ежегодной
оценки деятельности админстративных
государственных служащих корпуса
"Б" аппарата Кармакшинского районного маслихата
форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ________________________________________________________________________

      (наименование государственного органа)

Фамилия, имя,отчество служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1










      Заключение Комиссии:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Проверено:

      Секретарь Комиссии: ______________________________ Дата: _________________

      (Фамилия, имя, отчество подпись)

      Председатель Комиссии: _____________________________ Дата: ________________

      (Фамилия, имя, отчество подпись)

      Член Комиссии: ____________________________________ Дата: ________________

      (Фамилия, имя, отчество подпись)