"Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі N 318 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 қарашада N 5204 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 01-01-03/61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 12.10.2016 № 01-01-03/61 шешімімен (қол қойылғаннан кейін күшіне енедi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жаңақорған аудандық Жаңақорған аудандық
      мәслихатының кезекті ХLV мәслихаты хатшысының
      сессиясының төрағасы уақытша міндетін атқарушы
      А. Шайыхов С. Ысқақов

  2015 жылғы 23 қыркүйектегі
Жаңақорған аудандық мәслихатының
№ 318 шешімімен бекітілген

“Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі Жаңақорған аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №37.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі.
      11. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:
      1) Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі аптада 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің жұмысы жерігілікті уақыт бойынша сағат 09.00 де басталып, 19.00 де аяқталады. Сағат 13.00 ден 15.00 ге дейін үзіліс;
      3) “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      12. Осы Ереже “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Жаңақорған аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      16. Міндеттері:
      Жаңақорған аудандық мәслихат депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      17. Функциялары:
      “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде Жаңақорған аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      3) азаматтардың (сайлаушылардың) мәслихатқа жолдаған хаттарын, арыз-шағымдарын тіркейді және қарайды, депутаттардың назарына жеткізеді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;
      4) “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
      5) Жаңақорған аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды әділет органдарына тіркеуге жолдайды;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Жаңақорған аудандық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
      7) Жаңақорған аудандық мәслихатының ic-жүргізу қызметін жүргізеді;
      8) мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жаңақорған аудандық мәслихатының сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      21. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
      22. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      6) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      7) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      8) аудан әкiміне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      9) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      10) мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      11) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихаты атынан өкiл болады;
      12) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      13) заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      14) “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Жаңақорған аудандық мәслихатының шешiмдеріне сәйкес өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      23. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
      24. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіннің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
       “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. “Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Жанакорганского районного маслихата"

Решение Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 23 сентября 2015 года № 318. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 03 ноября 2015 года № 5204. Утратило силу решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 12 октября 2016 года № 01-01-03/61

      Сноска. Утратило силу решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 12.10.2016 № 01-01-03/61 (вступает в силу после подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Жанакорганский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственного учреждения "Аппарат Жанакорганского районного маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Председатель очередной ХLV Временно исполняющий
      сессии Жанакорганского обязанности секретаря
      районного маслихата Жанакорганского районного
       маслихата
      А. Шайыхов С. Ыскаков

  Утверждено решением
Жанакорганского районного маслихата
от 23 сентября 2015 года № 318

Положение государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата”

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающий деятельность Жанакорганского районного маслихата, его органов и депутатов.
      2. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря Жанакорганского районного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 120300, Республика Казахстан, Кызылординская область, Жанакорганский район, поселок Жанакорган, улица Манап Кокенова №37.
      10. Полное наименование государственного органа: государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата”.
      11. Режим работы государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата”:
      1) государственного учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” работает 5 (пять) дней в неделю;
      2) работа государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” начинается по местному времени в 09.00 часов, заканчивается в 19.00 часов. Перерыв: с 13.00 до 15.00 часов;
      3) в субботу и в воскресенье, а также в установленные законодательством Республики Казахстан праздничные дни, государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” не работает.
      12. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата”
      13. Финансирование деятельности государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” осуществляется из бюджета района.
      14. Государственному учреждению “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” запрещается вступать договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата”.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      15. Миссия государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата”:
      Осуществляет организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Жанакорганского районного маслихата и его органов, являющимся выборным органом, избираемый населением района, выражающий волю населения и в соответствии с законодательством Республики Казахстан определяющий меры, необходимые для ее реализации, и контролирующий их осуществление.
      16. Задачи:
      Оказывает помощь депутатам Жанакорганского районного маслихата в осуществлении их полномочий.
      17. Функции:
      Осуществляет обязаности и функции в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законадательными актами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, и иными нормативными правовыми актами.
      18. Права и обязанности:
      1) обеспечение соблюдения Регламента Жанакорганского районного маслихата в пределах своей компентенции;
      2) оказывает помощь депутатам в осуществлении их полномочий, информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности маслихата и его органов;
      3) регистрирует и рассматривает письма, заявления и обращения направленные в Жанакорганский районный маслихат гражданами (избирателями), доводит их до сведения депутатов, контролирует их исполнение, при необходимости готовит на них ответы;
      4) организует прием граждан в государственном учреждений “Аппарат Жанакорганского районного маслихата”;
      5) участвует в разработке актов Жанакорганского районного маслихата, а также обеспечивает их отправление для регистрации в органах юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан;
      6) в порядке предусмотренных законодательством Республики Казахстан обеспечивает публикацию решений Жанакорганского районного маслихата в средствах массовой информации;
      7) ведет делопроизводство Жанакорганского районного маслихата;
      8) деятельность государственных служащих аппарата маслихата осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      9) осуществляет иные обязанности и функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” избирается на должность из числа депутатов и освобождается от должности открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов на сессии Жанакорганского районного маслихата.
      21. Первый руководитель государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” не имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      22. Полномочия первого руководителя государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата”:
      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;
      5) обозначает полномочия и обязанности в соответствии законодательством;
      6) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;
      7) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      8) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с законодательством;
      9) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;
      10) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      11) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;
      12) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;
      13) в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата;
      14) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      15) выполняет иные функции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан и согласно решениям Жанакорганского районного маслихата.
      При отсутствии первого руководителя государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” по решению председателя сессии маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.
      23. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” возглавляется секретарем Жанакорганского районного маслихата избираемым на должность и освобождаемым от должности в соответсвии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      24. Взаимоотношения между юридическим лицом и уполномоченным органом по государственному имуществу (местным исполнительным органом), администрацией юридического лица и его трудовым коллективом регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      25. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” имеет на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      26. Имущество, закрепленное за государственным учреждением “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” относятся к коммунальной собственности района.
      27. Государственное учреждение “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” не вправе самостоятельно отчуждать или иными способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средства, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и ликвидация государственного органа

      28. Реорганизация и упразднение государственного учреждения “Аппарат Жанакорганского районного маслихата” осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.