Жаңақорған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 01-01-03/61 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Жаңақорған аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 318 "Жаңақорған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5204 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қарашадағы №89 "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған);
      2) 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 195 "Жаңақорған аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4680 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы №41 "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған).
      2. Осы шешiм қол қойылғаннан кейін күшіне енедi.
      Жаңақорған аудандық Жаңақорған аудандық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихат хатшысының
      VІІ сессиясының төрағасы міндетін атқарушы
      А. ҚЫСТАУБАЕВА Н. КӨЛЖАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады