"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өмірсерікұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы " 16 " сәуірдегі № 147 қаулысымен бекітілген |
"Сырдария ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданның экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырдария ауданының әкімдігі болып табылады.
3. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
4. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
9. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120600, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі, №9 Б.
"Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сырдария ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттарын іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізделген мемлекеттік жоспарлаудың тиімді және бір тұтас жүйесін қалыптастыру үшін экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында қызметтер атқару. Инвестициялық, сыртқы экономикалық, өнеркәсіптік, аймақтық, сауда және әлеуметтік қызмет салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.
16. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мiндеттерi:
1) Сырдария ауданының экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыру;
2) Сырдария аудандық бюджет комиссиясының жұмысшы органы бола отырып, аудандық бюджет комиссиясы айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындау;
3) облыстық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік инвестициялар бойынша қорытындылар қалыптастыру және жолдау, инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
4) Сырдария ауданы әкімінің іс-қимыл бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
5) аймақтың даму бағдарламасын тиісті мерзімге әзірлеу, бағдарламаның іс-шара жоспарын дайындау және мониторинг жасау;
6) инвестициялық саясаты стратегиясын әзірлеу және оны іске асыру;
7) әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
8) ақша, несие және салық-қаржы саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын жоспарлау мен қалыптастыруға қатысу;
9) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарламаларды әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
17. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
2) ауданды дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етеді;
3) жыл сайын бес жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
4) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде бес жылға арналған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу;
5) үш жылға арналған аудандық бюджет және аудандар мен облыстық бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы аудандық мәслихаттың шешімінің жобасын әзірлеу;
6) ауданның бюджет комиссиясының жұмыс органы функциясын іске асыру;
7) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып аудандық бюджетке түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асыру;
8) аудан бюджетінің жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
9) аудандық бюджет комиссиясының аудан бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстары негізінде аудан бюджетінің жобасын әзірлейді және оны аудан әкімдігінің қарауына ұсыну;
10) аудандық бюджеті туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
18. "Сырдария аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларын және аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруына бақылау жасауға;
мемлекеттік мекемелерден меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардан өз құзырына кіретін мәселелер бойынша белгіленген мерзімде ақпарат сұратуға және алуға;
аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден жылдық қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;
құпиялық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқару мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға құқылы.
2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.20. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) сектор меңгерушілері мен бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзіретіне жатқызылған бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
6) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
7) шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
10) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
11) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
26. "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуын және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
"Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Сырдария ауданының әкімдігі қайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.