"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Сырдария аудандық мәслихатының Регламентін" бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХVІ сессиясының № 201 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 20 наурызда № 4622 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2014 жылғы 27 наурызда № 23 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Регламенттің 7- тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың кезектен | Аудандық мәслихаттың |
тыс ХХХХІІ сессиясының | хатшысы |
төрағасы | |
И. Абдукаликов _____________ | Б. Маншарипов ____________ |