Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін жойылды және күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 38 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың кейбір шешімдері жойылды және күші жойылды деп танылсын
      2. Осы шешім қолданысқа қол қойылған күнiнен бастап енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың кезекті Аудандық мәслихаттың
      4 сессиясының төрағасы: хатшысы:
      О.Сейтмуратов_______________ Е.Әжікенов ______________

  2016 жылғы 29 шілдедегі
аудандық мәслихаттың
№ 38 шешіміне қосымша

      1. "Сырдария аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХVІ сессиясының № 201 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 03 наурызда № 4622 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2016 жылғы 27 наурызда № 23 жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
      2. "Сырдария аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХVІ сессиясының № 206 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26наурызда № 4626 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2016 жылғы 02 сәуірде № 24 жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
      3. "Сырдария аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХVІ сессиясының № 201 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 мамырдағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының № 311 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 мамырда № 4998 болып тіркелді, "Тіршілік тынысы" газетінің 2015 жылғы 03 маусымда №41 жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
      4. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 қарашадағы № 344 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы № 382 шешімі жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады