Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Кызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 343 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 5259 болып тіркелді. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 29.02.2016 № 383 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 387-бабының 1, 1-1-тармақтарына, 444-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлiнген (бөлiп шығарылған) және казино орналасқан жерлердi қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерi 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесi және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
      3. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      "Жер салығының ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы № 363 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 23 желтоқсанда № 10-8-163 болып тіркелген, 2012 жылғы 09 қаңтарда "Тіршілік тынысы" газетінің №2 жарияланған);
      "Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 наурыздағы № 36 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 10-8-173 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің № 33 жарияланған).
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың кезектен Аудандық мәслихаттың
      тыс ХLVІ сессиясының хатшысы:
      төрағасы:
      Ш. Ерімбетов___________ Б. Маншарипов______________
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігінің мемлекеттік кірістер
      комитеті Қызылорда облысы бойынша
      мемлекеттік кірістер Департаментінің
      Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Б.Дүйсенов
      "26" қараша 2015 жыл.

О ставках земельного налога

Решение Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 26 ноября 2015 года № 343. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 10 декабря 2015 года № 5259. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 29 февраля 2016 года № 383

      Сноска. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 29.02.2016 № 383 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 378, пунктами 1, 1-1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Сырдарьинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить ставки земельного налога на 50 процентов от базовых ставок земельного налога, установленных статьями 379, 381 и 383 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции и занятых под казино.
      2. Повысить ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в пять раз в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.
      3. Признать утратившим силу следующие решения районного маслихата:
      Решение районного маслихата от 30 ноября 2011 года № 363 "О ставках земельного налога" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10-8-163 от 23 декабря 2011 года, опубликовано в газете "Тіршілік тынысы" от 09 января 2012 года № 2);
      Решение районного маслихата от 20 марта 2012 года № 36 "О внесении изменении в некоторые решения районного маслихата" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10-8-173 от 18 апреля 2012 года, опубликовано в газете "Тіршілік тынысы" от 26 апреля 2012 года № 33).
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Председатель Секретарь
      внеочередной ХLVІ сессии районного маслихата:
      районного маслихата:
      Ш. Еримбетов____________ Б. Маншарипов______________
      СОГЛАСОВАНО:
      Руководитель республиканского
      государственного учреждения
      "Управление государственных доходов
      по Сырдарьинскому району департамента
      государственных доходов по
      Кызылординской области комитета
      государственных доходов Министерства
      финансов Республики Казахстан"
      ____________________ Б.Дуйсенов
      "26" ноября 2015 год.