Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 наурыздағы № 36 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 18 сәуірде № 10-8-173 тіркелді. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 343 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 26.11.2015 № 343 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының "Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 361 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-161 нөмірімен тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінің 2012 жылғы 09 қаңтардағы N 2 шығарылымында жарияланған); аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының "Біржолғы талон құнын белгілеу туралы" N 362 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-162 нөмірімен тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 3-4 шығарылымында жарияланған); аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының "Жер салығының ставкалары туралы" N 363 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 10-8-163 нөмірімен тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінің 2012 жылғы 09 қаңтардағы N 2 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Жоғарыда аталған шешімдердің келісу таңбасы келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің Сырдария ауданы бойынша cалық басқармасының бастығы".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ІV сессиясының төрағасы И. Абдукаликов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Маншарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады