"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2015 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Қ.Сәрсенбаев |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "02" наурыздағы № 448 қаулысына қосымша |
2015 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.2. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.
3. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық).
4. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.