2015 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы N 448 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 наурызда N 4927 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 08/1-3/40 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № 08/1-3/40 хатымен).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       2015 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
       Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
       Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "02" наурыздағы
№ 448 қаулысына қосымша

2015 жылға арналған Шиелі ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      2. Отбасында бірде-бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар.
      3. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық).
      4. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады