Шиелі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 522 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 5020 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 683 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 21.12.2016 № 683 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының № 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес Шиелі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шиелі ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Т. Жағыпбаров

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "27" мамырдағы
№ 522 қаулысына № 1 қосымша

Шиелі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Ақмая ауылдық округі, Ақмая ауылы - №22 бекет
7 километр
25 минут

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақмая ауылдық округінің
      әкімі
      ______________ С.Жандарбеков
      "27" мамыр 2015 жыл

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "27" мамырдағы
№ 522 қаулысына № 2 қосымша

Шиелі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы – Лесхоз ауылы
 
10 километр
30 минут
Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы – №21 бекет
3 километр
10 минут

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Алмалы ауылдық округінің
      әкімі
      ______________ Б.Баймағанбетов
      "27" мамыр 2015 жыл

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "27" мамырдағы
№ 522 қаулысына № 3 қосымша

Шиелі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Тартоғай ауылдық округі, Тартоғай ауылы –№2 ферма
3 километр
10 минут

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Тартоғай ауылдық округінің
      әкімі
      ______________ Д.Сүйіндік
      "27" мамыр 2015 жыл

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "27" мамырдағы
№ 522 қаулысына № 4 - қосымша

Шиелі ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шиелі ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi" Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес әзірленген. 

2. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру

      2. Балаларды тасымалдау Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
      3. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көлiк түрiмен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      4. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
      5. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
      6. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар, жаңбыр) тыйым салынады. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.
      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиіс.
      7. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
      8. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс. Алаңдарда жайластырылған өту жолдарының болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
      9. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
      10. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
      11. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      12. Балаларды жаппай тасымалдауға және балаларды алыс жерлерге тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, сондай-ақ отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
      13. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жас және одан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
      14. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
      15. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:
      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

      16. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен автокөлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустармен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар тиiстi стандарттардың талаптарына сай болуы қажет.
      17. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы тиіс:
      ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
      жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына атмосфералық жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
      берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
      жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстар;
      тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi;
      салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз бүтін материалдан жасалуы тиiс;
      шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 пайыздан артық жабуға тыйым салынады;
      жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер үйіліп тасталмаған жолаушылар салоны.
      18. Автобустармен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
      Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейін өткізіледі.
      19. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен:
      1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
      4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;
      8) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиiс.

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шиелийского района

Постановление Шиелийского районного акимата Кызылординской области от 27 мая 2015 года № 522. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 17 июня 2015 года № 5020. Утратило силу постановлением Шиелийского районного акимата Кызылординской области от 21 декабря 2016 года № 683

      Сноска. Утратило силу постановлением Шиелийского районного акимата Кызылординской области от 21.12.2015 № 683 (вступает в силу со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" акимат Шиелийского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить схему и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шиелийского района согласно приложениям № 1, 2, 3, 4 к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Жагыпбарова Т.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности акима
      Шиелийского района Т.Жагыпбаров

  Приложение № 1
к постановлению акимата Шиелийского района от № 522 "27" мая 2015 года

Схема перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шиелийского района

      


Название маршрута
Расстояние
Время проезда
 
Сельский округ Акмая,
село Акмая – №22 разъезд
 
7 километр
25 минут
 

      "СОГЛАСОВАНО"
      Аким сельского округа
      Акмая
      ______________ С.Жандарбеков
      "27" мая 2015 год

  Приложение № 2
к постановлению акимата Шиелийского района от № 522 "27" мая 2015 года

Схема перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шиелийского района

      


Название маршрута
Расстояние
Время проезда
Сельский округ Алмалы, село Алмалы – село Лесхоз
10 километр
30 минут
 
Сельский округ Алмалы, село Алмалы – №21 разьезд
3 километр
10 минут
 

      "СОГЛАСОВАНО"
      Аким сельского округа
      Алмалы
      ______________ Б.Баймаганбетов
      "27" мая 2015 год

  Приложение № 3
к постановлению акимата Шиелийского района от № 522
"27" мая 2015 года

Схема перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шиелийского района

      


Название маршрута
Расстояние
Время проезда
 
Сельский округ Тартогай,
село Тартогай – №2 Ферма
 
3 километр
10 минут
 

      "СОГЛАСОВАНО"
      Аким сельского округа
      Тартогай
      ______________ Д.Суюндик
      "27" мая 2015 год

  Приложение № 4
к постановлению акимата
Шиелийского района от № "522"
"27" мая 2015 года

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шиелийского района

1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шиелийского района разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", а также в соответствии с Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 (далее – Правила).

2. Организация перевозок детей

      2. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями Правил и с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.
      3. Перевозки детей автомобильным транспортом (кроме экскурсионных и туристических) осуществляются при нахождении в пути не более 4 часов и в случаях, когда невозможно организовать доставку детей другим видом транспорта.
      4. Массовые перевозки организованных групп детей и перевозки организованных групп детей на дальние расстояния выполняются перевозчиком только при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).
      5. Общее количество перевозимых в автобусе детей и взрослых не превышает количество мест, оборудованных для сидения и установленных для данного транспортного средства.
      6. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь) запрещается. В период суток с 22.00 до 06.00 часов в порядке исключения допускается перевозка детей к железнодорожным вокзалам и аэропортам и от них, а также при задержках в пути до ближайшего места отдыха (ночлега).
       При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.
      7. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.
      8. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть. Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.
      9. Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      10. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      11. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.
      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.
      12. При подготовке к массовым перевозкам детей и перевозке детей на дальние расстояния перевозчик совместно с заказчиком проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия, также наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее 30 метров от места стоянки автобуса.
      13. На каждый автобус, осуществляющий перевозку детей, заказчик назначает ответственных лиц из числа сотрудников организации - заказчика или родителей, которые сопровождают детей до места их назначения (при осуществлении регулярных перевозок детей в школу, иные учебные заведения допускается назначать ответственными учащихся старших классов (16 и более лет), прошедших специальный инструктаж для сопровождающих).
      14. Для перевозки детей допускаются водители:
      1) в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет;
      2) имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет;
      3) не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения.
      Стаж работы водителя в организации, которая направляет его на перевозку детей, составляет не менее трех лет.
      15. Водителю автобуса при перевозке детей запрещается:
      1) следовать со скоростью более 60 километров в час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;
      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

3. Требования к автотранспортным средствам

      16. К перевозкам детей допускаются автотранспортные средства, прошедшие технический осмотр в соответствии с законодательством Республики Казахстан. При этом автобусы, используемых при автомобусных перевозках должны соответствовать требованиям соответствующих стандартов.
      17. Автобусы, используемые для перевозок детей, должны иметь:
      1) двери пассажирского салона и аварийные люки, открывающиеся и закрывающиеся без каких-либо помех. Двери не должны иметь острых или далеко отстоящих от их поверхности выступов;
      2) крыша, аварийные люки и окна, которые в закрытом состоянии полностью предотвращают попадание атмосферных осадков в кабину водителя и пассажирский салон;
      3) прочно закрепленные поручни и сидения;
      4) чистые и без порывов обшивки сидений и спинок кресел для пассажиров;
      5) ровные, без выступающих или незакрепленных деталей, подножки и пол салона.
      Покрытие пола салона выполняется из сплошного материала без порывов;
      6) прозрачные стекла окон, очищенные от пыли, грязи, краски и иных предметов, снижающих видимость через них. Запрещается закрывать оконный проем информационными или рекламными материалами более чем на 30 процентов;
      7) пассажирский салон, отапливаемый в холодное и вентилируемый в жаркое время года, не загроможденный инструментом и запасными частями.
      18. Влажная уборка салонов автобусов, микроавтобусов, используемых при автомобусных перевозках, проводится не менее одного раза в смену и по мере загрязнения с применением моющих и дезинфицирующих средств.
      Наружная мойка кузова проводится после окончания смены.
      19. Автобусы, предназначенные для перевозки детей имеют не менее двух дверей и оборудованы:
      1) квадратными опознавательными знаками "Перевозка детей", которые должны быть установлены спереди и сзади автобуса;
      2) проблесковым маячком желтого цвета;
      3) двумя легкосъемными огнетушителями емкостью не менее двух литров каждый (один - в кабине водителя, другой - в пассажирском салоне автобуса);
      4) двумя аптечками первой помощи (автомобильными);
      5) двумя противооткатными упорами;
      6) знаком аварийной остановки;
      7) при следовании в колонне - информационной табличкой, с указанием места автобуса в колонне, которая устанавливается на лобовом стекле автобуса справа по ходу движения;
      8) иметь санитарно-эпидемиологическое заключение.