1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы "Шиелі ауданының шалғайдағы елдi мекендерiнде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 17 маусымында № 5020 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2015 жылғы 1 шілдесіндегі №49(8299) санында жарияланған) № 522 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Сәрсенбаев |