Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 24.06.2016 № 835 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы “15” желтоқсандағы № 680 қаулысымен бекітілген |
"Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi ауданның экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Шиелі ауданының әкiмдiгi болып табылады.
3. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің ведомствосы жоқ.
4. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрімен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының
бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
9. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентi, Т.Рысқұлов көшесi, № 6А ғимарат.
"Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және , заңнама актiлерiмен белгiленген басқа демалыс және мереке күндерiнен бөлек, күн сайын дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 09.00-ден 19.00-ге дейiн (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейiн үзiлiс).
11. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
12. Осы Ереже "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлермен "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы:
Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттарын іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге негізделген мемлекеттік жоспарлаудың тиімді және бір тұтас жүйесін қалыптастыру үшін экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында қызметтер атқару. Инвестициялық, сыртқы экономикалық, өнеркәсіптік,
аймақтық, сауда және әлеуметтік қызмет салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.
16. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң міндеттері:
1) Шиелі ауданының экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыру;
2) Шиелі аудандық бюджет комиссиясының жұмысшы органы бола отырып, аудандық бюджет комиссиясы айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындау;
3) облыстық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік инвестициялар бойынша қорытындылар қалыптастыру және жолдау, инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
4) Шиелі ауданы әкімінің іс-қимыл бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
5) аймақтың даму бағдарламасын тиісті мерзімге әзірлеу, бағдарламаның іс-шара жоспарын дайындау және мониторинг жасау;
6) инвестициялық саясатты стратегиясын әзірлеу және оны іске асыру;
7) әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
8) ақша, несие және салық-қаржы саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын жоспарлау мен қалыптастыруға қатысу;
9) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарламаларды әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
17. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:
1) ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
2) ауданды дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етеді;
3) жыл сайын бес жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
4) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде бес жылға арналған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу;
5) үш жылға арналған аудандық бюджет және аудандар мен облыстық бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы аудандық мәслихаттың шешімінің жобасын әзірлеу;
6) аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы функциясын іске асыру;
7) әлеуметтiк – экономикалық даму болжамын ескере отырып аудандық бюджетке түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асыру;
8) аудан бюджетінің жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
9) аудандық бюджет комиссиясының аудан бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстары негізінде аудан бюджетінің жобасын әзірлейді және оны аудан әкімдігінің қарауына ұсыну;
10) аудандық бюджет туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
18. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары мен мiндеттерi:
1) Құқықтары:
әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларын және аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруына бақылау жасауға;
мемлекеттік мекемелерден меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар өз құзырына кіретін мәселелер бойынша белгіленген мерзімде ақпарат сұратуға және алуға;
аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден жылдық қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;
құпиялық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқару мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға құқылы.
2) Міндеттері:
жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
19. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты" Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк
мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бірінші басшысын аудан әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының өкiлеттiлiгi:
1) бөлім басшысының орынбасарының, сектор меңгерушілері мен бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді.
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды оның құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерiн шешедi;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
6) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
7) шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды.
10) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды. Және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады.
11) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады
12) Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Заңды тұлға мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның, (жергілікті атқарушы органның)заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергiлiктi атқарушы органның), заңды тұлғаның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Мемлекеттiк органның мүлкi
23. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi, сондай-ақөз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлiк, (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiге бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
26. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне берiлген мүлiктердiң сақталуын және тиiмдi пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
"Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiктi Шиелі ауданының әкiмдiгi қайтарып алуға немесе өзi құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде басқа да түрлерi белгiленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
4. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.