Шиелі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 835 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шиелі ауданы әкімдігінің төменде көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 4 желтоқсанында № 5245 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 100 (8350) санында жарияланған) № 646 қаулысы;
      2) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы "Шиелі ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 7 желтоқсанында № 5249 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 100 (8350) санында жарияланған) № 647 қаулысы;
      3) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы "Шиелі аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 10 желтоқсанында № 5258 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 101 (8351) санында жарияланған) № 664 қаулысы;
      4) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 15 қаңтарында № 5301 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 16 (8367) санында жарияланған) № 679 қаулысы;
      5) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы "Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 19 қаңтарында № 5309 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 11 (8362) санында жарияланған) № 680 қаулысы;
      6) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 25 қаңтарында № 5319 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы
10 ақпандағы № 11 (8362) санында жарияланған) № 687 қаулысы;
      7) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Шиелі аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 22 қаңтарында № 5318 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 6 ақпандағы № 10 (8361) санында жарияланған) № 688 қаулысы;
      8) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 25 қаңтарында № 5321 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 13 ақпандағы № 12 (8363) санында жарияланған) № 689 қаулысы;
      9) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы "Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 15 ақпанында № 5357 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 15 (8366) санында жарияланған) № 700 қаулысы;
      10) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы "Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 23 ақпанында № 5367 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 12 наурыздағы № 20 (8371) санында жарияланған) № 704 қаулысы;
      11) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 5 ақпанында №5337 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 13 (8364) санында жарияланған) № 719 қаулысы;
      12) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы "Шиелі аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 1 наурызында № 5379 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 12 наурыздағы № 20 (8371) санында жарияланған) № 725 қаулысы;
      13) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 30 наурызында № 5424 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 30 (8381) санында жарияланған) № 742 қаулысы;
      14) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 30 наурызында №5425 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 30 (8381) санында жарияланған) № 758 қаулысы;
      15) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы "Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 8 сәуірінде № 5456 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы
27 сәуірдегі № 33 (8384) санында жарияланған) № 763 қаулысы;
      16) Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы "Шиелі аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 12 сәуірінде № 5464 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 35 (8386) санында жарияланған) № 764 қаулысы;
      17) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы "Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 13 ақпанында № 4870 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 15 (8265) санында жарияланған) № 415 қаулысы.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады