РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 11 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):
осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
мемлекеттік мекеменің Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) облыстың коммуналдық меншіктегі объектілер тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Алдашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Әлібекова
11 наурыз 2015 ж.
"Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
11 наурыз 2015 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 66 қаулысымен бекітілген |
"Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ескерту. Ереженің күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.