Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.01.2016 № 23 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағын орындау үшін және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдары басшыларының қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.К. Рзахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Нәлібаев
2015 жылғы 25 сәуір
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 52 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдары басшыларының қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдары басшыларының қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан тұрады:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Облыстық бюджеттен қаржыланатын, облыстық атқарушы органдарының басшылары үшін бағалау облыс әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізілуі мүмкін.
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия төрағасы аппарат басшысы болып табылады.
Комиссия хатшысы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөлімінің (бұдан әрі – кадр жұмыстары бөлімі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
2. Бағалау жүргізуге дайындық
11. Кадр жұмыстары бөлімі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
Кадр жұмыстары бөлімі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
3. Тікелей басшының бағалауы
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын кадр жұмыстары бөлімінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын кадр жұмыстары бөліміне қайтарады.
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр жұмыстары бөлімінің қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
4. Айналмалы бағалау
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай кадр жұмыстары бөлімі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде кадр жұмыстары бөліміне жіберіледі.
16. Кадр жұмыстары бөлімі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
18. Кадр жұмыстары бөлімі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
a = b + c
a – қызметшінің қорытынды бағасы,
b – тікелей басшының бағасы,
c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
33 балдан жоғары – «тиімді».
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
20. Кадр жұмыстары бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кадр жұмыстары бөлімі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
22. Кадр жұмыстары бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда кадр жұмыстары бөлімінің қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр жұмыстары бөлімінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Маңғыстау облысы әкімінің аппараты екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің және облыстық
бюджеттен қаржыландырылатын,
облыстық атқарушы органдары
басшыларының қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
нысан
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):______________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________________________
№ р/н |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні (саны) |
Баға (балл) |
1. |
Бастамашылығы |
2-ден 5-ке дейін |
|
2. |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 8-ге дейін |
|
3. |
Әрекеттестікке икемділігі |
2-ден 5-ке дейін |
|
4. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы) |
Таныстым: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________ күні ______________________ қолы _____________________ |
Тікелей басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________ күні _______________________________ қолы _______________________________ |
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің және облыстық
бюджеттен қаржыландырылатын,
облыстық атқарушы органдары
басшыларының қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
нысан
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):__________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
№ р/н |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні |
Баға (балл) |
Бағынышты адам |
|||
1 |
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
2 |
Жұмысқа ынталандыру қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
3 |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы) |
|||
Әріптесі |
|||
1 |
Топта жұмыс істей алу қабылеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
2 |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
3 |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 5-ке дейін |
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы) |
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің және облыстық
бюджеттен қаржыландырылатын,
облыстық атқарушы органдары
басшыларының қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________(мемлекеттік орган атауы)
№ р/р |
Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
Тікелей басшының бағасы |
Айналмалы баға |
Қорытынды баға |
1 |
||||
… |
Комиссия қорытындысы:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы:_________________________ Күні: __________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:_________________________ Күні: __________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі:___________________________ Күні: __________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)