Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 23 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабының 2 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      2015 жылғы 25 ақпандағы № 52 «Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдары басшыларының қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2654 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2015 жылғы 7 сәуірде жарияланған);
      2015 жылғы 7 қазандағы № 301 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің, басшыларды қоспағанда, қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2843 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2015 жылғы 24 қазанда жарияланған).
      2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А.К. Рзаханов) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады