РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 487-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Дербісов
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитетінің Маңғыстау облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т. Қалжанұлы
27 ақпан 2015 жыл
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрлігі
Су ресурстары комитетінің су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі Маңғыстау
облыстық бөлімінің басшысы
Т.М. Адамбаев
27 ақпан 2015 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі мемлекеттік кірістер
комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.Б. Тілегенов
27 ақпан 2015 жыл
«Қазақстан Республикасы Энергетика
Министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі
экологиялық реттеу, бақылау және
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша экология
департаменті» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е.Қ. Умаров
27 ақпан 2015 жыл
«Маңғыстау облысының
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Д. Ұлықбанов
27 ақпан 2015 жыл
«Маңғыстау облысының
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін уақытша атқарушы
С.Х. Аманбеков
27 ақпан 2015 жыл
«Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
27 ақпан 2015 жыл
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 22/351 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.07.2015 № 27/412 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Арнаулы су пайдаланудың түрі |
||||||
Теңіз бассейні |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр) |
Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр) |
Ауыл шаруашылығы (теңге/ 1000 текше метр) |
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары (теңге/1000 текше метр) |
Су энергетика (теңге/1000 Киловатт -сағат) |
Су көлігі (теңге/1000 тонна шақырым) |
Каспий теңізі бойынша базалық ставкалар |
72 |
206 |
58 |
56 |
- |
7 |
2009 жылғы инфляция коэффициенті |
1,062 |
1,062 |
1,062 |
1,062 |
- |
1,062 |
2010 жылғы инфляция коэффициенті |
1,078 |
1,078 |
1,078 |
1,078 |
- |
1,078 |
2011 жылғы инфляция коэффициенті |
1,074 |
1,074 |
1,074 |
1,074 |
- |
1,074 |
2012 жылғы инфляция коэффициенті |
1,060 |
1,060 |
1,060 |
1,060 |
- |
1,060 |
2013 жылғы инфляция коэффициенті |
1,048 |
1,048 |
1,048 |
1,048 |
- |
1,048 |
2014 жылғы инфляция коэффициенті |
1,074 |
1,074 |
1,074 |
1,074 |
1,074 |
|
Төмендету коэффициенті |
0,54 |
0,54 |
0,56 |
0,56 |
- |
- |
Жоғарылату коэффициенті |
- |
- |
- |
- |
- |
1,9 |
2015 жылға арналған төлемақы ставкалары |
57,03 |
163,18 |
47,65 |
46,00 |
- |
19,51 |