Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/351 "Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 27/412 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 қыркүйекте № 2820 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/351 «Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2670 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      «Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары» қосымшасындағы «Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар (теңге/тонна)» 6-баған алынып тасталсын.
      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         Ә. Сахимов
      
      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 
 
 
 

      «КЕЛIСIЛДI»
      «Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті
      Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік
      кірістер департаменті» республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А.Б. Тілегенов
      29 шілде 2015 жыл
 

      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылық Министрлігі Орман
      шаруашылығы және жануарлар дүниесі
      комитетінің Маңғыстау облыстық орман
      шаруашылығы және жануарлар дүниесі
      аумақтық инспекциясы» республикалық
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін уақытша атқарушы
      Ғ.Ш. Досатов
      29 шілде 2015 жыл
 

      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылық Министрлігі
      Су ресурстары комитетінің су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
      бассейндік инспекциясы» республикалық
      мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облыстық
      бөлімінің басшысы
      Т.М. Адамбаев
      29 шілде 2015 жыл
 

      «Қазақстан Республикасы Энергетика
      Министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі
      экологиялық реттеу, бақылау және
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Маңғыстау облысы бойынша
      экология департаменті» республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Е.Қ. Умаров
      29 шілде 2015 жыл
 

      «Маңғыстау облысының
      энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
      шаруашылық басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      С.Х. Аманбеков
      29 шілде 2015 жыл
 

      «Маңғыстау облыстының ауыл
      шаруашылығы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      29 шілде 2015 жыл
 

      «Маңғыстау облысының
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы»
      мемлекеттік мекемесі басшысы
      С.О. Сағынбаев
      29 шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады