"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 243 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 2826 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.04.2020 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 231 "Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2515 болып тіркелген, 2014 жылы 3 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Р.Ф. Бектубаев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы С. Алдашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      денсаулық сақтау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      К.А. Оралбаева

      13 тамыз 2015 жыл.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыз
№ 243 қаулысымен
бекітілген

"Медициналық қызметке лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 18.01.2019 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі –Cтандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электронды.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге де құжаттарды алуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу - 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының өтінішті қарауы - 1 (бір) сағат;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыстар бойынша бөлімі басшысының өтінішті қарауы - 1 (бір) сағат;

      4) жауапты орындаушының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі (медициналық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 (екі) жұмыс күні);

      5) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы - 1 (бір) сағат;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау - 1 (бір) сағат.

      Нәтижесі - медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыстар бойынша бөлімі басшысы;

      4) жауапты орындаушы.

      Ескерту. 6 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді - 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыстар бойынша бөлімінің басшысына қарауға жібереді - 1 (бір) сағат;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыстар бойынша бөлімінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды жауапты орындаушыға орындауға жолдайды - 1 (бір) сағат;

      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға жолдайды (медициналық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 (екі) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды - 1 (бір) сағат;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының мекен-жайына пошта арқылы жолдайды - 1 (бір) сағат.

      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процессінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4 тараудың атауы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2016 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен .

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясына өтініш тапсырады – 15 (он бес) минут;

      2) 2-процесс – Мемлекеттік корпорациясының инспекторы келіп түскен құжаттарды тіркейді және тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорациясының инспекторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;

      3) 3-процесс – Мемлекеттік корпорациясының инспекторы құжаттарды жинақтаушы секторға береді - 30 (отыз) минут;

      4) 1–шарт – жинақтаушы сектор құжаттарды жинайды, тізілімін құрады және бір күн ішінде Мемлекеттік корпорациясының курьері арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      5) 4–процесс – Мемлекеттік корпорациясының курьері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;

      6) 5–процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорациясының курьеріне бір күн ішінде береді;

      7) 6–процесс – Мемлекеттік корпорациясының курьері 15 (он бес) минуттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жинақтаушы секторға береді;

      8) 7–процесс – жинақтаушы сектор 15 (он бес) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорациясының инспекторына береді;

      9) 8–процесс – инспектор мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 8 - тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2016 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде бекітілген өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс – компьютердің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті алушының бекітуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

      3) 1-шарт – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;

      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, сұрау салу нысанын көрсетілетін қызметті алушының толтыруы (деректерді енгізуі);

      6) 4-процесс – "электрондық үкіметтің" төлем шлюзіне (бұдан әрі –ЭҮТШ) қызметке ақы төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) келіп түседі;

      7) 2-шарт – мемлекеттік қызметтің көрсетілуі үшін ақы төлеу фактісін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-де тексеру;

      8) 5-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-де мемлекеттік қызметтің көрсетілуі үшін төлемақының болмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6-процесс – сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;

      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 8-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) және оған бекітіліп берілген құжаттарды (электрондық түрде) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);

      13) 9-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-де электрондық құжатты көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды өңдеу;

      14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздерге сәйкестілігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

      15) 10-процесс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен қалыптастырылады.

      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациялармен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 11 - тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.11.2016 № 345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Медициналық қызметке лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары



Шартты белгілер:



  "Медициналық қызметке лицензия беру беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша 2 жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.




Шартты белгілер:



Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность"

Постановление акимата Мангистауской области от 13 августа 2015 года № 243. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 16 сентября 2015 года № 2826. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 23 апреля 2020 года № 69

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 23.04.2020 № 69(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность".

      2. Признать утратившим силу подпункт 2) пункта 1 постановления акимата Мангистауской области от 19 сентября 2014 года № 231 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере медицинской и фармацевтической деятельности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2515, опубликовано 3 ноября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Государственному учреждению "Управление здравоохранения Мангистауской области" (Бектубаев Р.Ф.) обеспечить официальное опубликование данного постановления в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации, размещение на интернет-ресурсе акимата Мангистауской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Нургазиеву Б. Г.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима области С. Алдашев

      "СОГЛАСОВАНО"

      исполняющий обязанности

      руководителя государственного учреждения

      "Управление здравоохранения

      Мангистауской области"

      К.А. Оралбаева

      13 август 2015 год

  Утвержден
постановлением акимата
Мангистауской области
от 13 августа 2015 года № 243

Регламент государственной услуги
"Выдача лицензии на медицинскую деятельность" 1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Выдача лицензии на медицинскую деятельность" (далее - государственная услуга) оказывается государственным учреждением "Управление здравоохранения Мангистауской области" (далее - услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказанной государственной услуги осуществляются через:

      1) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация);

      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, www.elicense.kz (далее - портал).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 18.01.2019 № 7(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги – лицензия и (или) приложение к лицензии, переоформление лицензии и (или) приложения к лицензии, дубликат лицензии и (или) приложения к лицензии на медицинскую деятельность либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 стандарта государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность", утвержденным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 294 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере медицинской деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11356) (далее – Стандарт).

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная.

      В случае обращения услугополучателя за получением лицензии и (или) приложение к лицензии на бумажном носителе лицензия и (или) приложение к лицензии оформляются в электронной форме, распечатываются и заверяются печатью услугодателя и подписью руководителя услугодателя.

      При обращении услугополучателя через портал результат оказания государственной услуги направляется услугополучателю в "личный кабинет" в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является получение услугодателем заявления и иных документов от услугополучателя, указанных в пункте 9 Стандарта.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) регистрация заявления в канцелярии услугодателя - 15 (пятнадцать) минут;

      2) рассмотрение заявления руководством услугодателя - 1 (один) час;

      3) рассмотрение заявления руководителем отдела по оказанию государственных услуг и правовой работе - 1 (один) час;

      4) рассмотрение заявления и оформление результата оказания государственной услуги ответственным исполнителем (при выдаче лицензии и (или) приложения к лицензии - 15 (пятнадцать) рабочих дней, при переоформлении лицензии и (или) приложения к лицензии - 3 (три) рабочих дня, при выдаче дубликата лицензии и (или) приложения к лицензии на медицинскую деятельность либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги - 2 (два) рабочих дня);

      5) подписание результата оказания государственной услуги руководством услугодателя - 1 (один) час;

      6) направление результата оказания государственной услуги услугополучателю - 1 (один) час.

      Результат - лицензия и (или) приложение к лицензии, переоформление лицензии и (или) приложения к лицензии, дубликат лицензии и (или) приложения к лицензии на медицинскую деятельность либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 10.07.2017 № 168 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений, (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) сотрудник канцелярии услугодателя;

      2) руководство услугодателя;

      3) руководитель отдела лицензирования и лекарственного обеспечения;

      4) ответственный исполнитель.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 10.07.2017 № 168 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) услугодателя с указанием длительности каждой процедуры (действия):

      1) сотрудник канцелярии услугодателя регистрирует документы и передает на рассмотрение руководству услугодателя - 15 (пятнадцать) минут;

      2) руководство услугодателя передает документы на рассмотрение руководителю отдела лицензирования и лекарственного обеспечения - 1 (один) час;

      3) руководитель отдела лицензирования и лекарственного обеспечения рассматривает поступившие документы и направляет их на исполнение ответственному исполнителю - 1 (один) час;

      4) ответственный исполнитель рассматривает заявление услугополучателя, оформляет результат оказания государственной услуги и направляет его на подписание руководству услугодателя (при выдаче лицензии и (или) приложения к лицензии - 15 (пятнадцать) рабочих дней, при переоформлении лицензии и (или) приложения к лицензии - 3 (три) рабочих дня, при выдаче дубликата лицензии и (или) приложения к лицензии на медицинскую деятельность либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги - 2 (два) рабочих дня);

      5) руководство услугодателя подписывает результат оказания государственной услуги - 1 (один) час;

      6) сотрудник канцелярии услугодателя направляет результат оказания государственной услуги через почту на адрес услугополучателя - 1 (один) час.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 10.07.2017 № 168 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции постановления акимата Мангистауской области от 15.11.2016 № 345(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) при оказании государственной услуги через Государственную корпорацию:

      1) процесс 1 – услугополучатель подает заявление в Государственную корпорацию – 15 (пятнадцать) минут;

      2) процесс 2 – инспектор Государственной корпорации регистрирует поступившие документы и выдает расписку услугополучателю о приеме соответствующих документов – 15 (пятнадцать) минут.

      В случае предоставления услугополучателем неполного пакета документов, согласно перечню, предусмотренному пунктом 9 Стандарта, инспектор Государственной корпорации отказывает приеме заявления и выдает расписку по форме, согласно приложению 8 к Стандарту;

      3) процесс 3 – инспектор Государственной корпорации передает документы в накопительный сектор - 30 (тридцати) минут;

      4) условие 1 – накопительный сектор собирает документы, составляет реестр и передает услугодателю через курьера Государственной корпорации в течение дня;

      5) процесс 4 – курьер Государственной корпорации передает документы в канцелярию услугодателя;

      6) процесс 5 – канцелярия услугодателя передает результат оказания государственной услуги курьеру Государственной корпорации в течение дня;

      7) процесс 6 – курьер Государственной корпорации передает результат оказания государственной услуги в накопительный сектор в течение 15 (пятнадцати) минут;

      8) процесс 7 – накопительный сектор передает результат оказания государственной услуги инспектору Государственной корпорации в течение 15 (пятнадцати) минут для выдачи услугополучателю;

      9) процесс 8 – инспектор выдает результат оказания государственной услуги услугополучателю –15 (пятнадцать) минут.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 15.11.2016 № 345(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственной услуги через портал:

      1) услугополучатель осуществляет регистрацию на портале с помощью своего регистрационного свидетельства ЭЦП, которое прикреплено услугополучателем в интернет-браузер компьютера (осуществляется для незарегистрированных услугополучателей на портале);

      2) процесс 1 – прикрепление услугополучателем регистрационного свидетельства ЭЦП в интернет-браузер компьютера, введение услугополучателем пароля (процесс авторизации) на портале для получения государственной услуги;

      3) условие 1 – проверка на портале подлинности данных о зарегистрированном услугополучателе через индивидуальный идентификационный номер/бизнес идентификационный номер (далее – ИИН/БИН) и пароль;

      4) процесс 2 – формирование порталом сообщения об отказе в авторизации в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя;

      5) процесс 3 – выбор услугополучателем государственной услуги, указанной в настоящем Регламенте, заполнение услугополучателем формы запроса (ввод данных) с прикреплением необходимых документов в электронном виде;

      6) процесс 4 – оплата услуги на платежный шлюз "электронного правительства" (далее – ПШЭП), а затем эта информация поступает в информационную систему государственной базы данных "Е-лицензирование" (далее – ИС ГБД "Е-лицензирование");

      7) условие 2 – проверка в ИС ГБД "Е-лицензирование" факта оплаты за оказание государственной услуги;

      8) процесс 5 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой государственной услуге в связи с отсутствием оплаты за оказание государственной услуги в ИС ГБД "Е-лицензирование";

      9) процесс 6 – выбор услугополучателем регистрационного свидетельства ЭЦП для удостоверения (подписания) запроса;

      10) условие 3 – проверка на портале срока действия регистрационного свидетельства ЭЦП и отсутствия в списке отозванных (аннулированных) регистрационных свидетельств, а также соответствия идентификационных данных между ИИН/БИН, указанных в запросе и в регистрационном свидетельстве ЭЦП;

      11) процесс 7 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой государственной услуге в связи с не подтверждением подлинности ЭЦП услугополучателя;

      12) процесс 8 – удостоверение (подписание) посредством ЭЦП услугополучателя заполненной формы запроса (введенных данных) и прикрепленных к нему документов (в электронном виде) на оказание государственной услуги;

      13) процесс 9 – регистрация электронного документа (запроса услугополучателя) и обработка запроса в ИС ГБД "Е-лицензирование";

      14) условие 4 – проверка услугодателем соответствия услугополучателя квалификационным требованиям и основаниям для выдачи лицензии;

      15) процесс 10 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой государственной услуге в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя в ИС ГБД "Е-лицензирование";

      16) процесс 11 – получение услугополучателем результата оказания государственной услуги, сформированной порталом. Электронный документ формируется с использованием ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

      10. Функциональные взаимодействия информационных систем, задействованных в оказании государственной услуги через портал приведены диаграммой согласно приложению 1 к настоящему Регламенту.

      11. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка взаимодействия с иными услугодателями и (или) Государственной корпорацией и порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги согласно приложению 2 к настоящему регламенту государственной услуги. Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги размещается на интернет-ресурсе услугодателя.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 15.11.2016 № 345(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к регламенту государственной услуги
"Выдача лицензии на медицинскую
деятельность"

Функциональные взаимодействия информационных систем, задействованных в оказании государственной услуги через портал



Условные обозначения:



  Приложение 2
регламенту государственной услуги
"Выдача лицензии на медицинскую деятельность"

Справочник бизнес-прцессов оказания государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность"

      Сноска. Приложение 2 – в редакции постановления акимата Мангистауской области от 10.07.2017 № 168 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).



Условные обозначения: