Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының және Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 69 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 4202 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының және кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Т. Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 23 сәуірі
  № 69 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылатын Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының және кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 160 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2751 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 216 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2810 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 217 "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2812 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 243 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2826 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 302 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2852 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3002 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 87 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 216 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3038 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 345 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 243 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3209 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      9. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 160 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3362 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 168 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 243 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3403 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 210 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3431 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 283 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3484 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 284 "Алдын ала міндетті медициналық қарап - тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3485 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 65 "Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысы әкімдігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулылары тізбесінің 1 және 2 тармақтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3599 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 66 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3593 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      16. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 74 "Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 1 тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3601 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      17. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 117 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3632 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      18. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 304 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 66 "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3727 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      19. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 311 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 160 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3729 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      20. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 7 "Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3815 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      21. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 74 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3873 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      22. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 136 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 302 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3952 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады