Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/439 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 2941 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 5/67 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.08.2021 № 5/67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 29 мамырдағы № 10/142 "Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2265 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2013жылғы 16 шілдеде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Ибағаров

Облыстық


мәслихат хатшысы

Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл

      шаруашылығы және ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ж.Ж. Тоқбаева

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

      Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Б.Ы. Ақшауов

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Ақтау қалалық

      аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Е.С. Сынабаев

      10 желтоқсан 2015 жыл.

      Ескерту. Келісу парағына өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Маңғыстау облыстық мәслихатының

      2015 жылғы 10 желтоқсандағы

      № 29/439 шешімімен

      бекітілген

Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасақталған.

      2. Қағида Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін реттейді.

      3. Осы Қағида да пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      2) қараусыз жануарлар – меншік иесі бар және оның иелігінен уақытша босап кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ иесі меншік құқығынан бас тартқан жануарлар.

2. Иттерді және мысықтарды тіркеу тәртібі

      4. Иттер үш айлық жасынан бастап, мысықтар екі айлық жасынан бастап "Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі) тіркелуге жатады.

      5. Тіркеу барысында иттер мен мысықтардың иесі осы Қағиданың талаптарымен таныстырылады. Жануарлардың иесі Қағидамен танысқандығы туралы жазба Тіркеу кітабына қол қоюмен куәландырылады.

      6. Тіркеуден өткен иттер мен мысықтарға жануарлар иелерінің есебінен белгіленген үлгідегі ветеринариялық паспорт беріледі.

      7. Ит пен мысықты тіркеуден өткізу және қайта тіркеу кезінде иелері келесідей мәліметтерді ұсынады:

      иесінің жеке басын куәландыратын құжаты;

      мекен-жайы, байланыс телефоны;

      ит немесе мысықтың туылған күні, түрі, түсі, жынысы, лақап аты, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.

      8. Иттер және мысықтар сатылған, жоғалған, өлген, басқа тұлғаға берiлген жағдайларда жануарлардың иесi оларды есептен шығару немесе қайта тiркеу үшiн екi апталық мерзiмде қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне хабарлауы қажет. Иттер мен мысықтардың иелерi мекен-жайын өзгерткен жағдайда жануарлар 15 жұмыс күн iшiнде тiркелуге жатады.

3. Иттерді және мысықтарды асырау тәртібі

      9. Иттердің түрлеріне қарамастан үш айлық жасынан бастап, құтырмаға және эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша лептоспирозға, микроспорияға, обаларға қарсы егілуге, сонымен қатар гельминттерге тексерілуге немесе профилактикалық дегельминтизациялауға жатады.

      10. Мысықтар екі айлық жасынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егілуге, гельминтоздарға тексерілуге жатады.

      11. Егер иттер мен мысықтардың иесі заңды тұлға болса, онда оларға иттер мен мысықтарды асырауға жауапты адам тағайындалады.

      12. Иттер мен мысықтардың иесі дер кезінде, осы Қағидамен белгіленген мерзімдерде, міндетті ветеринариялық шараларды өткізеді, жануарлардың карантиндік режимін сақтайды, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізеді.

      13. Иттер мен мысықтарды асырау санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда жүргізіледі:

      бір ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;

      бірнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі тұрған аумағында (пәтердегі барлық тұрғындардың жазбаша келісімімен);

      кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, көп пәтерлі үйлерде, бақ шаруашылықтарында, азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінде, демалыс орындарында байлаулы күйінде немесе торда, қоршаған ортаға қауіп келтірмейтін және тыныштық сақтайтындай жағдайда болады.

      14. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасында ірі және орта тұқымды екіден көп емес үлкен иттер және алты айлық жасқа дейінгі төлдерді, үш мысық асырау ұсынылады.

      15. Иттер мен мысықтарды (көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа) көпшілік пайдаланатын орындарда (ас әзірлейтін бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, шатырларда, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы жайларда) және үй алдындағы аумақта (жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде асырауға жол берілмейді.

      16. Қонақ үйлерде қонақ үй әкімшілігінің рұқсатымен, жануарда ветеринариялық құжаты болған және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда иелерінің итімен немесе мысығымен бірге орналасуына жол беріледі.

      17. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорындағы үйлерде, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда осы аумақтың иесінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен асырауға болады. Иттер жануардың қашып кетуінен, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуылдауынан, жүргіншілерді мазалауынан сақтайтын қоршалған аумақта асыралуы тиіс. Осы аумақта иттің бар екендігі жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметрден кем емес көлемде, иттің бейнесі бейнеленген "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!" ескерту болуы тиіс.

      18. Жеке тұрғын үй қорындағы үйлерде, егер гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық нормаларға сәйкес жануарларды асырау шарты сақталса үштен көп иттерді асырауға жол беріледі.

      19. Иттердi арнайы бекiтiлген, қоршалған жерлерде серуендету керек. Егер ондай жерлер болмаса, иттердi серуендету құла далада жүзеге асырылады;

      20. Рұқсат етілмейді:

      1) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтар асырауға;

      2) балалардың аула алаңдарында, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында және қоғамдық шаралар өткізілетін жерлерде иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      3) иттерді тұмылдырықсыз және ұзын шылбырсыз серуендетуге;

      4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге иттер мен мысықтарды серуендетуге;

      5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, бұрқақ және бұлақ көздерінде иттер мен мысықтарды шомылдыруға.

4. Ит пен мысықты сату, сатып алу, сондай-ақ тасымалдау

      21. Ит пен мысықты белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ ветеринарлық анықтамасы мен құжаттарысыз сатуға жол берілмейді.

      22. Сонымен бірге ит пен мысықты сату тек ит пен мысықтың жасы 2,5-3 айға толғанда уақытынан, тиісті ветеринариялық құжаттамасы болған кезде жол беріледі. Егер, ит пен мысық 2,5-3 айға толмаған кезде сатылса ветеринариялық паспорты болмаса, сатып алушыға күшіктің және мысықтың денсаулығының жағдайы жөнінде анықтама ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен беріледі.

      23. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ит пен мысықты жануарлар қоғамы (клубтар), питомниктер арқылы, зоодүкендерде және мамандандырылған базарларда сатуға және сатып алуға болады.

      24. Иттерді және мысықтарды Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылы аумағына, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелу немесе қаладан және ауылдан тыс жерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      25. Қаладан және Өмірзақ ауылынан тыс жерге ит пен мысықты тасымалдау (орын ауыстыруы) және алып келу ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен берілетін арнайы үлгідегі ветеринариялық паспорты болған жағдайда рұқсат беріледі.

      26. Иттерді және мысықтарды әуе, теміржол, автомобиль, сонымен қатар су көлігімен тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау Ережелері негізінде жүзеге асырылады.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      27. Қоғамдық орындарда жетектеуші тұлғасыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз деп саналады және аулау мен жоюға жатады.

      28. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері байлаулы күйінде тастап кеткен иттерден басқа, иттер қараусыз болып саналады және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және өлген жануарларды жинау жөніндегі арнайы қызметтермен аулануға жатады.

      29. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жергілікті атқарушы органмен жасалған келісім шарт негізінде ветеринария саласындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жүзеге асырады.

      30. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, осы жұмыстар жүргізілетін аумақта тұрып жатқан тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін және тыныштығын сақтай отырып жүргізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғалар тартылады.

6. Ереженің сақталуын бақылау

      31. Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

7. Қорытынды ережелер

      32. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

О Правилах содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории города Актау и села Умирзак

Решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/439. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 19 января 2016 года № 2941. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 27 августа 2021 года № 5/67

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 27.08.2021 № 5/67 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории города Актау и села Умирзак.

      2. Признать утратившим силу решение областного маслихата от 29 мая 2013 года № 10/142 "О Правилах содержания собак и кошек на территории города Актау и села Умирзак" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2265, опубликовано 16 июля 2013 года в газете "Огни Мангистау").

      3. Руководителю аппарата Мангистауского областного маслихата (Сейбагытов Д.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

М. Ибагаров

Секретарь областного


маслихата

Б. Жусупов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Актауский

      городской отдел предпринимательства,

      сельского хозяйства и ветеринарии"

      Токбаева Ж.Ж.

      10 декабрь 2015 год.


      Начальник государственного учреждения

      "Управление внутренних дел города Актау

      Департамента внутренних дел Мангистауской области"

      Акшауов Б.И.

      10 декабрь 2015 год.


      Руководитель государственного

      учреждения "Актауская городская

      территориальная инспекция Комитета

      ветеринарного контроля и надзора

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан"

      Сынабаев Е.С.

      10 декабрь 2015 год.

      Сноска. Лист согласования с изменениями, внесенными решением Мангистауского областного маслихата от 29.09.2017 № 13/159 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Утверждены
решением Мангистауского
областного маслихата
от 10 декабря 2015 года № 29/439

Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории города Актау и села Умирзак 1. Общие положения

      1. Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории города Актау и села Умирзак (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии".

      2. Правила регулируют порядок содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории города Актау и села Умирзак.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного;

      2) безнадзорные животные – животные, имеющие собственника и временно выбывшие из его владения, не имеющие собственника либо собственник которых неизвестен, а также животные от права собственности на которых собственник отказался.

2. Порядок регистрации собак и кошек

      4. Собаки с трехмесячного, кошки с двухмесячного возраста подлежат регистрации в государственном учреждении "Актауский городской отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии" (далее – городской отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии).

      5. При регистрации владелец собак и кошек знакомится с требованиями настоящих Правил. Запись об ознакомлении удостоверяется подписью владельца животного в Книге регистрации.

      6. После регистрации владельцам собак и кошек выдается ветеринарный паспорт установленного образца за счет владельца животного.

      7. Владельцами собак и кошек при регистрации и перерегистрации предоставляются следующие документы и сведения:

      документ, удостоверяющий личность владельца;

      домашний адрес, контактный телефон;

      порода собаки или кошки, пол, кличка, дата рождения, окрас, особые признаки или описание животного.

      8. При продаже, пропаже, гибели, передаче другому лицу собак и кошек владельцу животных в двухнедельный срок необходимо информировать городской отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии для снятия их с учета или перерегистрации. При перемене местожительства владельцев собак и кошек животные подлежат регистрации в течение 15 рабочих дней.

3. Порядок содержания собак и кошек

      9. Собаки, начиная с трехмесячного возраста, независимо от породы, подлежат вакцинации против бешенства, чумы и по эпизоотическим показаниям против лептоспироза, микроспории, а также исследованию на гельминты, либо профилактической дегельминтизации.

      10. Кошки, начиная с двухмесячного возраста, подлежат вакцинации против инфекционных заболеваний, общих для животных и людей, по эпизоотическим показаниям против микроспории, исследованию на гельминтозы.

      11. Если владельцем собак и кошек является юридическое лицо, то им назначается лицо, ответственное за содержание собак и кошек.

      12. Владелец собак и кошек своевременно, в установленные настоящими Правилами сроки, проводит обязательные ветеринарные мероприятия, соблюдает карантинный режим животных, проводит мероприятия по ликвидации заразных болезней.

      13. Содержание собак и кошек осуществляется при условии соблюдения санитарно-гигиенических, зоогигиенических требований и настоящих Правил:

      в жилых помещениях, занятых одной семьей;

      в жилых помещениях, занятых несколькими семьями, лишь на своей жилой площади (с письменного согласия всех проживающих в квартире);

      при предприятиях, организациях и учреждениях, многоквартирных домах, садоводческих, некоммерческих объединениях граждан, базах отдыха на привязи или вольерах и в условиях, исключающих возможность причинения беспокойства и создания опасности для окружающих.

      14. Одной семье в квартире многоквартирного жилого дома рекомендуется содержать не более двух взрослых собак крупных и средних пород и трех кошек, приплодов до трехмесячного возраста.

      15. Не допускается содержание собак (кроме собак – поводырей для людей со слабым зрением) и кошек в местах общего пользования (кухни, коридоры, лестничные площадки, подвалы, чердаки, лоджии, балконы и подсобные помещения), на придомовых территориях (кроме придомовых территорий домов индивидуального жилищного фонда), в гостиницах и в коридорах общежитий.

      16. Допускается поселение в гостинице владельца с собакой или кошкой по согласованию с администрацией гостиницы при соблюдении санитарно- гигиенических правил и наличии ветеринарного паспорта на животное.

      17. Собаки и кошки должны содержаться в домах индивидуального жилищного фонда, в здании и на прилегающей к нему территории только с разрешения владельца этой территории или с согласия другого правомочного лица. Собак необходимо содержать на территории, ограждение которой должно исключить побег животного, нападение на людей или других животных, нанесение укусов прохожим. О наличии собаки на территории должна сообщать табличка при входе размером не менее 20х30 сантиметров с изображением собаки и с надписью "Ит күзетеді!", "Охраняется собакой!".

      18. Содержание не более трех собак допускается в домах индивидуального жилищного фонда, если условия содержания животных соответствуют зоогигиеническим и санитарно-гигиеническим нормам.

      19. Выгуливают собак в специально отведенных, огороженных местах. Если таковых мест нет, выгул собак осуществляется на пустырях.

      20. Не допускается:

      1) содержать незарегистрированных (не состоящих на учете) и не вакцинированных собак и кошек;

      2) выгуливать собак и кошек на детских дворовых площадках, спортивных площадках, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений и в местах проведения общественных мероприятий;

      3) выгуливать собак без намордника (кроме собак декоративных пород) и на длинном поводке;

      4) выгуливать собак лицам в нетрезвом состоянии и подросткам, не достигшим 14-летнего возраста;

      5) купать собак и кошек в местах, предназначенных для купания людей, в фонтанах и родниковых источниках.

4. Торговля, приобретение, а также перемещение собак и кошек

      21. Не допускается торговля собак и кошек в неустановленных местах, а также без ветеринарных справок и документов.

      22. Торговля, также приобретение собак и кошек допускается только по достижении ими возраста 2,5-3 месяца при наличии соответствующих ветеринарных документов. В случае, если собаки и кошки были проданы до достижения ими 2,5-3 месяцев без ветеринарного паспорта, покупателю щенка и кошки справка о состоянии здоровья выдается физическими и юридическими лицами, осуществляющими предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.

      23. В соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан разрешается торговля и приобретение собак и кошек через фонды (клубы) животноводов, питомники, зоомагазины и специализированные базары.

      24. Ввоз собак и кошек на территорию города Актау и села Умирзак, в том числе из зарубежных государств, или вывоз за пределы города и села проводится в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      25. Перевозка (перемещение) собак и кошек за пределы города, села Умирзак и ввоз разрешаются при наличии специального ветеринарного паспорта особого образца и ветеринарного удостоверения о вакцинации и состоянии собак и кошек, выданного уполномоченным государственным органом в области ветеринарии.

      26. Перевозка собак и кошек воздушным, железнодорожным, автомобильным, а также водным транспортом осуществляется на основании Правил перевозок пассажиров, багажа и грузов на данных видах транспорта.

5. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек

      27. Собаки и кошки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными и подлежат отлову и уничтожению.

      28. Собаки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках и прочих местах), кроме оставленных владельцами на привязи, считаются безнадзорными и подлежат отлову специальными службами по отлову бродячих собак и кошек и сбору трупов животных.

      29. Отлов и уничтожение бродячих собак и кошек осуществляется государственным коммунальным предприятием в области ветеринарии, заключившим договор с местным исполнительным органом.

      30. Организация и проведение работ по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек проводится с соблюдением гуманности, прав и интересов жильцов, живущих на территории, где проводится данная работа. К работе по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек допускаются лица, не состоящие на учете в психоневрологичеком и наркологическом диспансерах.

6. Контроль за соблюдением Правил

      31. Контроль за соблюдением Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории города Актау и села Умирзак осуществляют государственные учреждения, уполномоченные на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

7. Заключительное положение

      32. Ответственность за нарушение требований настоящих Правил определяется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.