Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/446 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 2948 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 9 желтоқсандағы 2022 жылғы № 16/192 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы мәслихатының 09.12.2022 № 16/192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары бекітілсін.

      2. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/314 "Мұнайлы ауданының елді мекендерінде жануарларды асырау Қағидалары туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2594 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3.3Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Ибағаров

Облыстық


мәслихат хатшысы

Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы Министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау Комитетінің Мұнайлы

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Қ. Мырзабек

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Мұнайлы аудандық ауыл

      шаруашылығы және ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      И.С. Айтмұханов

      10 желтоқсан 2015 жыл.


      "Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

      Мұнайлы ауданының Ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      А.Б. Жақсыбаев

      10 желтоқсан 2015 жыл.

      Ескерту. Келісу парағына өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 13/159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/446 шешімімен
бекітілген

Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау мақсатында әзірленді. Қағидалар жануарларды асырау, өсіру және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағида да мынадай түсініктер қолданылады:

      1) жануарлар – ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, жыртқыш және улы: сүтқоректілер, құстар, бал аралары, балықтар, жәндіктер және тағы басқа да жануарлар әлемінің өкілдері.

      2) үй жануарлары – ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын, тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері;

      3) жануар иесі – жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;

      4) жабайы жануарлар – құрлықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, ұлулар, жәндіктер және басқалар;

      5) қараусыз жануарлар – меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босып кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан үй жануары;

      6) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын, жануарларды есепке алу рәсімі;

      8) ветеринариялық құжаттар – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы жануарға, жануарлардан алынатын өнімдерге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдердің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

      9) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      10) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

      11) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы айқындау;

      12) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған шаралар кешені.

2. Жануарларды тіркеу тәртібі

      3. Жануарларды тіркеу бірдейлендіру жолымен адам мен жануарларға ортақ қауіпті жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу, адамдарды жануардың жарақаттауы немесе басқалай залалын болдырмау, жоғалып кеткен жануарларды іздестіру және жануарлардың санын реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Меншік түріне және ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға тиесілі барлық ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін жыртқыш және улы жануарлар ауылдар мен ауылдық округтердің әкімі аппараттарында міндетті есепке алуға және тіркеуге жатады.

      5. Жануарларды тіркеу және қайта тіркеу кезінде олардың иелері келесі мәліметтерді тапсырады: иесінің жеке басын куәландыратын құжат, мекен-жайы туралы мәлімет, байланыс телефонының нөмірі, жануардың түрі және тұқымы, жынысы, аты, туған жылы, түсі, ерекше белгілері немесе сипаттамасы.

      6. Әрбір тіркелген жануарға сәйкестендіру нөмірі мен жануардың бүкіл өмір бойына жарамды ветеринариялық паспорт беріледі. Жануарлардың сәйкестік нөмірін беру құлақ сырғаларын салу, микрочиптеу немесе таңбалау арқылы іске асырылады.

      7. Тіркеу кезінде жануарлардың иесі осы Қағидамен танысуы міндетті. Танысу дерегі жануар иесінің тіркеу кітабындағы қолымен расталады.

      8. Сатып алғанда немесе иесі мекен-жайын ауыстырғанда жануарлар иесінің жаңа мекен-жайы бойынша екі апта мерзім ішінде тіркеледі.

      9. Жануар мерт болған және ауыл шаруашылығы жануары сойылған жағдайда ветеринариялық паспорты мен сәйкестендіру нөмірі бұрын сол жануар тіркелген органға немесе мекемеге тапсырылады.

      10. Тіркеу органына жануардың қолдан кетуі (сату, жоғалу, сойылу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін екі апта мерзімінде хабарланады.

3. Жануарларды асырау тәртібі

      11. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, өсіру, жаю елді мекендердегі санитариялық аймақтарға қойылатын талаптарға және қосалқы шаруашылықтарда жануарларды асыраудың және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мал жаюға пайдаланудың ветеринариялық нормативтеріне сәйкес жүргізіледі.

      12. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес анықталатын санитариялық аймақтың шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын асырауға, өсіруге, жаюға тыйым салынады.

      13. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкес және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, тұрғын жайлардан, мектептерден, емдеу және мектепке дейінгі мекемелерінен, бақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру орындары мен шипажайлардан, жасанды су айдындарынан, артезиан құдықтарынан, су көздерінен қашықта орналасқан арнайы жабдықталған орындарда асырау керек.

      14. Жеке тұрғын үй иелеріне ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтаған жағдайда қолданыстағы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкес және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып жабдықталған арнайы тұрақжайда ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды асырауға рұқсат етіледі.

      15. Ауданның ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгілдерде, жұқпалы ауруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін жабайы құстармен қатынасты болдырмау мақсатында, иелері құстарын жабық орындарда ұстау керек.

      16. Жануарларды асырайтын орынжайлар апта сайын механикалы түрде тазалануы және дезинфекциялануы тиіс: жануарлардың нәжістері мен саңғырықтары, азықтарының қалдықтары және қоқыстар уақытында арнайы белгіленген орындарға шығарылады.

      17. Жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы күресу мақсатында жануарлар мен құстар тұратын орындар ай сайын инсектицидтер мен дератизаторлық препараттарымен зарарсыздандырылады.

      18. Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, темір жол мен автокөлік жолдарына тиесілі аймақтарда және басқа да қоғамдық орындарда жануарларды жаюға, сондай-ақ, қараушысыз бос жіберуге тыйым салынады. Жануарлар жергілікті атқарушы органдармен белгіленген жайылымдық жер телімдерінде жайылуы тиісті. Жануарларды жайғанда және айдап өткенде тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иесі жауапты болады.

      19. Ауданның тұрғын үй қорының пәтерлерінде (көп қабатты тұрғын үйлер) ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар) асырауға тыйым салынады.

      20. Жануарлар мен құстарды мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің, және басқа ұйымдар мен мекемелердің зоологиялық бұрыштарында асырау ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органның келісімімен рұқсат етіледі.

      21. Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы ұстайтын орны, осы салада арнаулы білімі мен тәжірибесі жоқ тұлғаларға жабайы, жыртқыш және улы жануарларды асырауға тыйым салынады.

      22. Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындары мен су бөгеттерінде шомылдыруға және жуындыруға тыйым салынады.

      23. Елді мекендердің аумақтарында жануарлардың өліктерін тастауға, сондай-ақ оны өз бетінше көмуге тыйым салынады. Жануарлардың өліктері санитариялық тазалықты қамтамасыз ететін мекемеге тапсырылады немесе арнайы белгіленген орындарда жойылуға жатады.

      24. Адамдардың денсаулығына және жануарларға қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Егер жануар клиникалық сау деп танылған жағдайда, иесіне қайтарылады.

      25. Елді мекендердің санитариялық аймақтарында, көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда қараушысыз бос жүрген жануарлар қараусыз жануарлар деп есептеледі және арнайы жабдықталған орындарға иесі табылғанға дейін қамауға жатады.

      26. Қараусыз жануарларды ұстау және иесіне қайтару Қазақстан Республикасы азаматтық Кодексінің 246-бабына сәйкес жүргізіледі.

      27. Қараусыз ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орынға жеткізу, тасымалдау, күзету, ұстап-күту үшін шыққан шығындардың орнын қараусыз малды ұстауға жауапты кәсіпорын берген шоттарға сәйкес, жануарлардың иелері өтейді.

4. Жануарларды сатып алу, сату және тасымалдау

      28. Белгіленбеген орындарда және ветеринариялық құжаттарынсыз жануарларды сатуға тыйым салынады.

      29. Жануарларды аудан аумағынан тыс жерге тасымалдау аудандық жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар берген ветеринариялық паспорты мен ветеринариялық өңдеулер жүргізілгендігі туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі ветеринариялық анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

      30. Ауданның аумағына шет мемлекеттерден жануарларды алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы уәкілетті органның рұқсаты болғанда жүзеге асырылады.

      31. Жануарларды автомобиль, әуе, теміржол және су көліктерінде тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жануарларды тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері

      32. Жануарлар иелерінің құқықтары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды сатып алуға және өз иелігінен айыруға (оның ішінде сатып алу-сату, сыйлау, жалға беру, айырбастау және тағы басқа жолдармен);

      2) жануарларды асырау, өсіру бойынша қажетті ақпаратты мемлекеттік уәкілетті органдар мен жануарлар иелерінің қоғамдық ұйымдарынан алуға.

      33. Жануарлардың иелері:

      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;

      2) хайуанаттар бағындағы, цирктегі, омартадағы, аквариумдағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес асыралуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;

      3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;

      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;

      6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;

      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;

      7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;

      8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;

      9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;

      10) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;

      11) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;

      12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;

      13) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;

      14) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.

6. Қағиданың орындалуын бақылау

      34. Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларының орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

7. Қорытынды ережелер

      35. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жануарлардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 406-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      36. Осы Қағиданың қолданылуы меншік нысанына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан жануарлардың барлық иелеріне, жеке және басқадай меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.

О Правилах содержания животных на территории населенных пунктов Мунайлинского района

Решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/446. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 20 января 2016 года № 2948. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 9 декабря 2022 года № 16/192.

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского областного маслихата от 09.12.2022 № 16/192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания животных на территории населенных пунктов Мунайлинского района.

      2. Признать утратившим силу решение областного маслихата от 11 декабря 2014 года № 21/314 "О Правилах содержания животных в населенных пунктах Мунайлинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2594, опубликовано 29 января 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Руководителю аппарата Мангистауского областного маслихата (Сейбагытов Д.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

М. Ибагаров

Секретарь


областного маслихата

Б. Жусупов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Мунайлинская районная

      территориальная инспекция Комитета

      ветеринарного контроля и надзора

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казакстан"

      Мырзабек Б.К.

      10 декабрь 2015 год.


      Руководитель государственного

      учреждения "Мунайлинский районный

      отдел сельского хозяйства и ветеринарии"

      Айтмуханов И.С.

      10 декабрь 2015 год.


      Начальник государственного учреждения

      "Отдел внутренних дел Мунайлинского района

      Департамента внутренних дел Мангистауской области"

      Жаксыбаев А.Б.

      10 декабрь 2015 год.

      Сноска. Лист согласования с изменениями, внесенными решением Мангистауского областного маслихата от 29.09.2017 № 13/159 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Утверждены
решением Мангистауского
областного маслихата
от 10 декабря 2015 года № 29/446

Правила содержания животных на территории населенных пунктов Мунайлинского района 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания животных на территории населенных пунктов Мунайлинского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" в целях обеспечения безопасности населения района и защиты людей от заболеваний общих для человека и животных. Правила устанавливают порядок содержания, разведения животных и выпаса сельскохозяйственных животных.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) животные – сельскохозяйственные, домашние, дикие, хищные и ядовитые: млекопитающие, птицы, пчелы, рыбы, насекомые и другие представители животного мира.

      2) домашние животные – зоологические виды, кроме животных сельскохозяйственного назначения, полностью или частично содержащиеся человеком и не используемые для получения продуктов питания и промышленного сырья;

      3) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении животное;

      4) дикие животные – млекопитающие, птицы, пресмыкающиеся, земноводные, рыбы, моллюски, насекомые и другие, находящиеся в состоянии естественной свободы на суше, в воде, атмосфере и почве;

      5) безнадзорные животные – животные, имеющие собственника и временно выбывшие из его владения (попечения), не имеющие собственника либо собственник которых неизвестен, а также домашние животные, от права собственности на которых собственник отказался;

      6) ветеринарные мероприятия – комплекс противоэпизоотических, ветеринарно-санитарных процедур, направленных на предотвращение возникновения, распространения или ликвидацию болезней животных, включая их профилактику, лечение или диагностику; обезвреживание (обеззараживание), изъятие и уничтожение животных, зараженных особо опасными болезнями, представляющими опасность для здоровья животных и человека; повышение продуктивности животных; обеспечение безопасности продукции и сырья животного происхождения, кормов и кормовых добавок, включая идентификацию сельскохозяйственных животных, в целях защиты здоровья животных и человека от заразных болезней, в том числе общих для животных и человека;

      7) идентификация сельскохозяйственных животных – процедура учета животных, включающая присвоение индивидуального номера животным путем использования изделий (средств) для проведения идентификации, таврения с включением сведений о сельскохозяйственном животном в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачей ветеринарного паспорта;

      8) ветеринарные документы – ветеринарно-санитарное заключение, ветеринарный сертификат, выдаваемые государственными ветеринарно-санитарными инспекторами города республиканского значения, столицы, района, города областного значения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора; ветеринарная справка, выдаваемая специалистом в области ветеринарии государственных ветеринарных организаций, созданных местными исполнительными органами, на животное, продукцию и сырье животного происхождения, об эпизоотической ситуации на территории соответствующей административно-территориальной единицы, а также аттестованным ветеринарным врачом подразделения производственного контроля по определению соответствия животных, продукции и сырья животного происхождения ветеринарным нормативам в порядке, утвержденном Правительством Республики Казахстан;

      9) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного;

      10) ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила – нормативный правовой акт, устанавливающий ветеринарные (ветеринарно-санитарные, зоогигиенические) требования к объектам государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, а также определяющий порядок проведения ветеринарных мероприятий на основе ветеринарных нормативов, являющийся обязательным для исполнения физическими и юридическими лицами;

      11) ветеринарно-санитарная экспертиза – определение соответствия продукции и сырья животного происхождения, кормов и кормовых добавок ветеринарным нормативам комплексом органолептических, биохимических, микробиологических, паразитологических, токсикологических и радиологических исследований;

      12) дезинфекция, дезинсекция и дератизация – комплекс мер, направленных на уничтожение возбудителей инфекционных и паразитарных заболеваний, бытовых насекомых и грызунов, систематически проводимых в производственных, жилых зданиях, на транспорте, в помещениях общественных мест и на территориях.

2. Порядок регистрации животных

      3. Регистрация животных осуществляется путем их идентификации в целях профилактики заразных и паразитарных заболеваний общих для человека и животных, предупреждения нанесения животными укуса и травм человеку, поиска пропавших животных и регулирования их численности.

      4. Все животные, в том числе: сельскохозяйственные, домашние, дикие, а также требующие особой ответственности владельцев хищные и ядовитые животные, принадлежащие физическим и юридическим лицам, независимо от формы собственности, - подлежат учету и регистрации в аппаратах акимов сел и сельских округов.

      5. При регистрации и перерегистрации владельцы представляют следующие данные: документ, удостоверяющий личность владельца, сведения о местожительстве, номер контактного телефона, вид и породу, пол, кличку, дату рождения, окрас, особые признаки или описание животного.

      6. Каждому зарегистрированному животному выдается идентификационный номер и ветеринарный паспорт, действующий в течение всей продолжительности жизни животного. Присвоение идентификационного номера производится путем биркования, чипирования или таврения.

      7. При регистрации владельцы животных должны быть ознакомлены с настоящими Правилами. Факт ознакомления удостоверяется подписью владельцев животных в Книге регистрации.

      8. При приобретении или перемене места жительства владельцев животные должны быть зарегистрированы в двухнедельный срок по новому месту регистрации владельцев.

      9. При гибели животного и при убое сельскохозяйственных животных ветеринарный паспорт и носитель идентификационного номера сдаются в орган или учреждение, ранее зарегистрировавшее данное животное.

      10. Регистрирующий орган информируется о выбытии (продаже, пропаже, убое, гибели, передаче другому лицу) животного в двухнедельный срок для снятия с учета или перерегистрации.

3. Порядок содержания животных

      11. Содержание, разведение, выпас сельскохозяйственных животных осуществляется в соответствии с требованиями санитарных зон и ветеринарных нормативов по содержанию животных в личных подсобных хозяйствах в пределах границ населенных пунктов и нагрузки выпаса сельскохозяйственных животных на землях сельскохозяйственного назначения.

      12. На границах санитарных зон, определяемых с условиями действующих законодательств, запрещается содержание, разведение, выпас сельскохозяйственных животных.

      13. Сельскохозяйственные животные содержатся в специально оборудованных в соответствии с действующими зоогигиеническими и ветеринарно-санитарными нормами и с учетом экологической безопасности помещениях, вдали от жилых помещений, школ, медицинских и дошкольных учреждений, парков, зоопарков, стадионов, учреждений общественного питания, торговли и пищевой промышленности, мест отдыха, детских оздоровительных организаций и санаторий, искусственных водоемов, артезианских колодцев, источников воды.

      14. В частных подворьях при соблюдении ветеринарно-санитарных и санитарно-эмидемиологических правил разрешается содержание сельскохозяйственных животных и птиц в специально оборудованных в соответствии с действующими зоогигиеническими и ветеринарно-санитарными нормами и с учетом экологической безопасности помещениях.

      15. В период перелета диких птиц через воздушное пространство населенного пункта владельцам необходимо содержать птицу в закрытых помещениях, исключающих контакт с перелетными птицами, которые могут служить источником инфекционных болезней.

      16. Помещения для содержания животных должны еженедельно убираться механическим способом и подвергаться дезинфекции: испражнения и помет животных, остатки кормов и другие отходы своевременно вывозятся в специально отведенные места.

      17. В целях борьбы с насекомыми и грызунами помещения для животных и птиц ежемесячно обрабатываются инсектицидными и дератизаторными препаратами.

      18. На улицах, площадях, скверах, в зонах отчуждения железных и автомобильных дорог, а так же в других местах общего пользования запрещается выпас скота и нахождение животных без сопровождающих лиц. Выпас животных производится на пастбищных участках, определенных местными исполнительными органами. За безопасность населения при выпасе и перегоне сельскохозяйственных животных ответственность несет владелец.

      19. В квартирах жилищного фонда района (многоквартирные жилые дома) запрещается содержание сельскохозяйственных животных и птиц (крупный рогатый скот, овцы, козы, лошади, верблюды, свиньи, маралы и олени, курицы, утки, гуси, куропатки, пчелы и пушные звери).

      20. Содержание животных и птиц в зооуголках детских дошкольных учреждений, школ и других организациях и учреждениях допускается по согласованию с уполномоченным органом в области ветеринарно-санитарного контроля и надзора.

      21. Лицам, не имеющим соответствующее биологическим особенностям животного помещения, специальных знаний и опыта в данной области, запрещается содержание и разведение хищных и ядовитых животных.

      22. Запрещается купать и мыть животное в общественных местах купания, прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах.

      23. Запрещается выбрасывать трупы животных, осуществлять их захоронение на территории населенных пунктов. Трупы животных сдаются в специализированные учреждения по санитарной очистке или подлежат уничтожению в специально отведенных местах.

      24. Изъятие и уничтожение животных, представляющих особую опасность для здоровья человека и животных, осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан. В случае, если животное признано клинически здоровым, оно возвращается владельцу.

      25. Животные, находящиеся в санитарных зонах, на улицах, площадях, скверах, других общественных местах общего пользования без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными животными и подлежат загону в специально оборудованные помещения для временного содержания до выявления владельца.

      26. Содержание и возврат безнадзорных животных регламентируется в соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

      27. Затраты на доставку, транспортировку, охрану и содержание в специально оборудованных помещениях безнадзорных животных возмещаются владельцами животных согласно представленным счетам предприятия, ответственного за содержание безнадзорных животных.

4. Купля, продажа и перевозка животных

      28. Запрещается торговля животными в неустановленных местах и без ветеринарных документов.

      29. Вывоз животных за пределы района осуществляется при наличии ветеринарного паспорта и ветеринарной справки установленного образца с отметками о проведенных ветеринарных обработках, которые выдаются государственной ветеринарной организацией, созданной местным исполнительным органом района.

      30. Ввоз животных из иностранных государств на территорию района осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, с разрешения уполномоченного органа в области ветеринарии.

      31. Перевозка животных автомобильным, воздушным, водным и железнодорожным транспортом осуществляется в соответствии с Правилами перевозок на данных видах транспорта.

5. Права и обязанности владельцев животных.

      32. Владельцы животных имеют право:

      1) на приобретение и отчуждение животных в соответствии с законодательствами Республики Казахстан (в том числе: путем купли-продажи, дарения, найма, обмена и другими путями);

      2) получать необходимую информацию по содержанию и разведению животных от уполномоченных государственных органов и общественных организаций владельцев животных.

      33. Владельцы животных обязаны:

      1) осуществлять ветеринарные и административно-хозяйственные мероприятия с соблюдением ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил, установленных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, обеспечивающих предупреждение болезней животных и безопасность перемещаемых (перевозимых) объектов;

      2) осуществлять содержание, разведение и использование животных, включая животных в зоопарках, цирках, на пасеках, в аквариумах, в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами и ветеринарными нормативами;

      3) содержать территорию, животноводческие помещения, а также сооружения для хранения и переработки кормов, продукции и сырья животного происхождения в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами и ветеринарными нормативами, не допускать загрязнения окружающей среды;

      4) соблюдать зоогигиенические и ветеринарные (ветеринарно-санитарные) требования при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;

      5) обеспечивать идентификацию сельскохозяйственных животных;

      6) извещать подразделения местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, государственные ветеринарные организации, созданные местными исполнительными органами, органы государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора:

      о вновь приобретенном (приобретенных) животном (животных), полученном приплоде, его (их) убое и реализации;

      о случаях падежа, одновременного заболевания нескольких животных или об их необычном поведении и до прибытия специалистов в области ветеринарии, государственных ветеринарно-санитарных инспекторов принять меры к изолированному содержанию животных при подозрении в заболевании;

      7) обеспечивать своевременную вакцинацию и диагностику своих животных для обеспечения ветеринарно-санитарной безопасности;

      8) беспрепятственно предоставлять государственным ветеринарно-санитарным инспекторам для ветеринарного осмотра перемещаемого (перевозимого) объекта;

      9) выполнять акты государственных ветеринарно-санитарных инспекторов;

      10) не допускать убоя животных для реализации без предубойного ветеринарного их осмотра и послеубойной ветеринарно-санитарной экспертизы туш и органов;

      11) осуществлять проведение убоя сельскохозяйственных животных, предназначенных для последующей реализации, на мясоперерабатывающих предприятиях, убойных пунктах или убойных площадках (площадках по убою сельскохозяйственных животных);

      12) оказывать содействие специалистам в области ветеринарии при выполнении ими служебных обязанностей по проведению ветеринарных мероприятий;

      13) проводить карантинирование животных;

      14) согласовывать нормативно-техническую документацию на новые, усовершенствованные ветеринарные препараты, на производство пищевой продукции, кормов, кормовых добавок с уполномоченным органом.

6. Контроль за соблюдением Правил

      34. Контроль за соблюдением Правил содержания животных на территории населенных пунктов Мунайлинского района осуществляют государственные органы, уполномоченные на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

7. Заключительные положения

      35. За нарушение настоящих Правил владелец несет ответственность в соответствии со статьей 406 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".

      36. Действие настоящих Правил распространяется на всех владельцев животных, физических и юридических лиц независимо от их форм собственности и ведомственной подчиненности, имеющих в собственности или ином владении животных.