Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімінің және шешімнің құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16/192 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда № 31094 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының келесі шешімінің және шешімнің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары туралы" 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №29/446 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2948 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №13/159 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3438 болып тіркелген) шешіміне қосымшасының 13 тармағы.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады