Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 17.02.2020 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2,4,5 тармақтарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифі 50 (елу) теңге көлемінде белгіленсін.
2. Осы қаулы заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына келісу үшін ұсынылсын.
3. Ақтау қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 242 "Ақтау қаласындағы қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-177 болып тіркелген, 2012 жылғы 02 маусымдағы № 95-97 (8177) "Маңғыстау" және 2012 жылғы 02 маусымдағы № 98-99 (10888-10889) "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4."Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Ж.Б. Құбашев) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ө.С. Бисақаевқа жүктелсін.
Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 05.12.2016 № 2203 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Жаңбыршин |