Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес, сонымен қатар Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №29/315 "Жолаушыларды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифіне келісу туралы" шешімінің негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №841 "Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2782 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамызда "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №2203 "Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №841 "Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3253 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қаңтарда "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (басшы Ж. Құбашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Д. Бегендіковке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | Г. Ниязов |