Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 08 қазандағы № 1293 "Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 836 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 тамызда № 2797 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 628 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 29.03.2018 № 836 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 08 қазандағы №1293 "Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен 1 қосымшаға сәйкес бекітілген "Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Нұрсұлтанов):

      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Б.Қ. Ізғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Е. Жаңбыршин


  Ақтау қаласы әкімдігінің
30 маусым 2015 жылғы
№ 836 қаулысына
Қосымша 1

"Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелері

      1. "Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім), Ақтау қаласының кәсіпкерлік саласын қолдау және дамыту, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Бөлім азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлім заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, қала әкімдігі атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қала әкімдігімен бекітіледі.

      8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, 72 үй, қала әкімдігінің ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің міндеттері:

      - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша аумақтық бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;

      - кәсіпкерлік қызмет аясында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын және жүзеге асырылуын қадағалау;

      - облыстық орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын өкілетті органға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен байланысты аумақтық бағдарламалардың іске асыру барысы туралы есептерді және басқа ақпараттарды беру;

      - қаланың шағын және орта кәсіпкерлік, сауда саласы бойынша әлеуметтік – экономикалық дамуының стратегиялық және орта жеделдік жоспарларын дайындауға қатысу;

      - стратегиялық және операциялық жоспарларын дайындау;

      - шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері жөнінде қала әкімін шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету;

      - қаланың халықаралық байланысын нығайту;

      - қаланың индустриалды – инновациялық даму аясында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      - қала аумағында өнеркәсіпті шикізатпен, ал тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында өндірісті көтеру және ауыл шаруашылық өнімдерін және халықтың қолданысындағы басқа да тауарларды қайта өңдеуге бағытталған қала аумағында бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүргізу;

      - қаланың аграрлық азық-түлік кешенінің дамуының басым бағыттағы стратегиялық және индикативті жоспарларын, аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, олардың орындалысына бақылау және талдау жасау;

      - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау бойынша қала аумағында мемлекеттік шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;

      - қала ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркетингтік қызметтік жұмыс жасауын жүзеге асыру;

      - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында ауыл шаруашылық өнімдерін өткізетін сервистік қызмет көрсететін мекемелердің жүйесін ұйымдастыруға ықпал ету;

      - мал шаруашылығында селекциялық – асыл тұқымдылардың жұмыстарын жүргізуге, аудандастырылған мал тұқымдарын сақтауға ықпал жасау;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша базаны жүргізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      - әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      - агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық бақылауды жүзеге асыру;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринария саласындағы қызметі бойынша ветеринария дәрігерлерін атестаттау.

      14. Бөлімнің функциялары

      - қала әкімінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

      - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу жөніндегі комиссия жұмыс органының функциясын жүзеге асырады;

      - Ақтау қаласының әкімі жанынан кәсіпкерлер Кеңесінің қызметін ұйымдастырады;

      - алғашқы қажетті азық – түлік және өндірістік тауарлары бойынша мониторинг жүргізеді және баға қоюды талдайды, көтерме жабдықтаушылардың қорын және азық – түлік тауарларын тексеру жолдары, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің барлық тұрақтандыру бағдарламаларына қатысады, қалалық азық – түлік базарындағы бағаның өсуіне жедел әсер ету Штабының өткізген барлық іс-шараларына қатысады;

      - әкімдіктің кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктері және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қатынасын дамыту бойынша шаралар дайындайды;

      - жалпы пайдаланудағы жерлерде, қала аумағында халық тұтынатын тауарлар, жеміс- көкөніс, алкогольсыз сусындарды және бақша өнімдері сататын уақытша сауда нүктелерін, алаңдарын (алаңқай) ашуға қызығушылық танытқан тұлғаларға іс – шараларын жүзеге асырады;

      - жалпы пайдаланудағы жерлерде қала аумағында балаларға арналған аттракциондарды уақытша ашу іс – шараларын жүзеге асырады;

      - қаладағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту сұрақтары бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, форумдар, конкурстар, жәрмеңкелер ұйымдастырады;

      - аймақты индустриалды – инновациялық дамыту шеңберінде қала аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мониторингін жүргізеді;

      - қаланың бауырлас қалаларымен халықаралық байланысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      - қалалар мэрлерінің ассоциацияларымен, халықаралық бірлестіктерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      - қалалық аграрлық азық – түлік кешенінің дамуын болжайды және жағдайына талдау жасайды;

      - облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;

      - қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      - мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      - ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

      - жануарлар өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастырады;

      - жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырып (зарарсыздандыру), қайта өңдейді;

      - жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;

      - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

      - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;

      - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық- санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялиқ дәрігерлер тізімін бекітеді;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асырады;

      - эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеуді жүргізеді;

      - эпизоотологиялық зерттеп қарау актісін береді;

      - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды; ішкі сауда объектілерінде; жануарлар өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды; (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда); ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда олардың экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша; тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметін жүзеге асырады;

      - мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      - жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасақтау;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      - уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;

      - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат береді;

      - ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      - облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;

      - ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;

      - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      15. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері

      - мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәлімет сұрауға;

      - Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша үйлестіруді жүзеге асыруға;

      - өз өкілеттігі шегінде комуналдық меншіктегі мүлікті иемдену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

      - қала әкіміне шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

      - шағын және орта кәсіпкерлік, аграрлық секторының стратегиясын дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және жоғары тұрған ұйымға қарауға енгізуге;

      - заңнамамен бекітілген тәртіппен, ветеринария саласында жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалармен бекітілген ветеринариялық-санитарлық ережелерді және нормативтерді бұзған жағдайда олардың лицензиясын тоқтату немесе қайтарып алу бастамашылығын жасау туралы шешімдер шығаруға;

      - бекітілген тәртіпте төтенше эпизоотияға қарсы комиссия құру туралы ұсыныс енгізуге;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтатуға және жоюға бағытталған карантиндік режимін немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін бекіту туралы ұсыныс енгізуге;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын тоқтатуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алу жөнінде ұсыныс енгізуге;

      - жануарлар мен адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;

      - уәкілетті органмен бекітілген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға;

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қаралған басқа да құқықтарды жүзеге асырады.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      16. Бөлімде басшылықты, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      - бөлім қызметін басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалысына жауапты болады;

      - стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді;

      - бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды, қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      - Қазақстан Республикасының бекітілген қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жаза белгілейді;

      - өзінің құзыреті шеңберінде бұйрық шығарады, нұсқау береді, қызметтік қаржы құжаттарына қол қояды;

      - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді орындайды.

      19. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;

      20. Бөлімнің бірінші басшысы бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

4. Бөлімнің мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражаттың есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлім Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      24. Бөлімнің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      25. Бөлімнің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Бөлімнің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 08 октября 2013 года № 1293 "О переименовании государственного учреждения "Актауский городской отдел предпринимательства"

Постановление акимата города Актау Мангистауской области от 30 июня 2015 года № 836. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 06 августа 2015 года № 2797. Утратило силу постановлением акимата города Актау Мангистауской области от 29 марта 2018 года № 628

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Актау Мангистауской области от 29.03.2018 № 628 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О Ветеринарии", акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести следующие изменения в постановление акимата города

      Актау от 08 октября 2013 года № 1293 "О переименовании государственного учреждения "Актауский городской отдел предпринимательства":

      Положение государственного учреждения "Актауский городской отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии" утвержденного приложением 1 указанного постановления изложить в новой редакции согласно приложению 1 настоящего постановления.

      2. Государственному учреждению "Актауский городской отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии" (Нурсултанову К.):

      обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Мангистауской области, его размещения в информационно- правовой системе "Әділет" и официального опубликования в средствах массовой информации;

      принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на временно исполняющего обязонности заместителя акима города Изгалиева Б.К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким города

Е.Жанбыршин


  Приложение 1
к постановлению акимата города Актау
№ 836 от 30 июня 2015 года

Положение
государственного учреждениия "Актауский городской отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии"
1.Общие положения

      1. Государственное учреждение "Актауский городской отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии" ( далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим поддержку и развитие предпринимательской отрасли в городе Актау, координацию межотраслевых сфер сельского хозяйства и ветеринарии.

      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а так же настоящим Положением.

      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а так же в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени акимата города, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6.Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности отдела утверждаются с городскимакиматом;

      8. Местонахождения юридического лица: 130000, Мангистауская область, город Актау, 4 микрорайон, дом 72, здание городскогоакимата города.

      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Актауский городской отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом отдела.

      11.Финансирование деятельности отдела осуществляется из местного бюджета.

      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями отдела.

      Если отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Основные задачи, функции, права и обязанности отдела

      13.Задачи отдела:

      - разработка и реализация региональных программ по развитию и поддержки малого и среднего предпринимательства;

      - контроль за реализацией и исполнением государственных программ в области предпринимательской деятельности;

      - представлять в уполномоченный орган области, осуществляющий поддержку малого и среднего предпримателсьтва, отчеты о ходе реализации региональных программ и иную информацию связанную с деятельностью субъектов малого и среднего предпринимательства;

      - участвует в разработке стратегических и среднесрочных планов социально – экономического развития города в части развития малого и среднего предпринимательства, торговли;

      - разработка стратегических и операционных планов;

      - обеспечивает оперативной информацией акима города об основных показателях социально - экономического развития города в сфере развития малого и среднего предпринимательства;

      - работа по укреплению международных связей города;

      - проведение единой государственной политики в области индустриально – инновационного развития города;

      - проведение единой государственной аграрной политики на территории города,направленной на наращивание производств,переработки сельскохозяйственной продукции и других товаров народного потребления, в целях обеспечения населения продуктами питания, промышленность – сырьем;

      - разработка приоритетных направлении развития агропродовольственного комплекса города, стратегических и индикативных планов, региональных программ, производить анализ, контроль за их исполнением;

      - планирование и осуществление натерритории города государственных мероприятии по финансовой поддержке сельскохозяйственных товаропроизводителей;

      - осуществление функционирования информационно-маркетинговой службы сельского хозяйства города;

      - содействие организации системы сервисных организаций оказывающих сбыт сельскохозяйственной продукции; на территории района (города областного значения);

      - оказывает содействие в проведении селекционно-племенной работы в животноводстве, сохранений районированных пород скота;

      - организация охраны здоровья населения от болезней общих для человека и животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      - организация проведения профилактических мероприятий по особо опасным болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      - организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      - организация осуществления идентификации сельскохозяйственных животных с ведением базы по идентификации животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      - организация осуществления ветеринарных мероприятий по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территорииадминистративно-территориальной единицы;

      - осуществляет государственно технический контроль в сфере агропромышленного комплекса;

      - аттестация ветеринарных врачей по деятельности в сфере ветеринарии на территории соответствующий административно – территориальный единицы;

      14. Функции отдела

      - организует деятельность экспертных советов по вопросам предпринимательства при акиме города;

      - осуществляет функции рабочего органа комиссии по проведению аккредитации объединений субъектов частного предпринимательства;

      - организует деятельность Совета предпринимателей при акиме города Актау;

      - участвует во всех мероприятиях, проводимых Штабом оперативного реагирования на повышение цен на городском потребительском рынке, ведет мониторинг и анализирует установление цен по продовольственным и промышленным товаром первой необходимости, отслеживает запасы и пути следования продовольственных товаров у оптовых поставщиков, а также участвует во всех стабилизационных программах Правительства Республики Казахстан;

      - разрабатывает мероприятия по развитию взаимоотношений акимата с общественными объединениями, предпринимателями и объектами рыночной инфраструктуры;

      - осуществляет мероприятия по представлению заинтересованным лицам временных торговых точек, площадей (площадок) по реализации товаров народного потребления, плодоовощных, безалкогольных напитков и бахчевых продукции на территории города на землях общего пользования;

      - осуществляет мероприятия по размещению временных детских аттракционов на территории города на землях общего пользования;

      - организовывает выставки, ярмарки, семинары, круглые столы, форумы, конкурсы по вопросам поддержки и развития предпринимательства в городе;

      -проводит мониторинг реализуемых инвестиционных проектов на территории города в рамках индустриально- инновационного развития региона;

      - организовывает и координирует международные связи между городами побратимами;

      - осуществляет соотрудничество с международными объединениями и ассоциациями мэров городов;

      - прогнозирует агропродовольственный комплекс города и анализирует его состояние;

      - внесение в местный представительный орган области для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, внесение предложений по опеределению границ санитарных зон содержания животных;

      - организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;

      - организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;

      - организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;

      - организация и проведение просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии;

      - организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;

      - обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;

      - возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;

      - принятие решений об определении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных на территории района (города областного значения);

      - принятие решений о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории района (города областного значения);

      - утверждение списка государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;

      - организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в сфере ветеринарии в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;

      - проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;

      -выдача акта эпизоотологического обследования;

      - осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в сфере ветеринарии:на объектах внутренней торговли;на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;

      - осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;

      - составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;

      - организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      - организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;

      - организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;

      - определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;

      - свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;

      - внесение предложений в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;

      - внесение предложений в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;

      - внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      - организация санитарного убоя больных животных;

      - прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в сфере ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      - осуществляет иные функции, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      15. Права и обязанности отдела

      - запрашивать у государственных органов, иных организации и граждан информацию по вопросам, относящимся к компетенции отдела;

      - осуществляет координацию по вопросам, входящим в компетенцию отдела;

      - в пределах своей компетенции вносить предложения по вопросам владения, пользования и распоряжения имуществом, находящимся в коммунальной собственности:

      - вносить акиму города предложения по вопросам развития малого и среднего предпринимательства;

      - разрабатывает и вносить на рассмотрение вышестоящей организации проекты нормативно-правовых актов по вопросам малого и среднего предпринимательства, развитии стратегии аграрного сектора;

      - вносить решения о приостановлении или инициировать отзыв лицензий юридических и физических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в сфере ветеринарии, в случаях нарушения ими установленных ветеринарно-санитарных правил и нормативов, в порядке установленном законодательством;

      - вносить предложения о создании в установленном порядке чрезвычайных противоэпизоотических комиссий;

      - вносить в местный исполнительный орган соответствующей административно-территориальной единицы предложение об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с ведением карантинного режима или ограничительных мероприятий направленные на предотвращение распространения и ликвидацию заразных болезней животных;

      - вносить в местный исполнительный орган соответствующей административно-территориальной единицы предложение о снятии ограничительных мероприятий или карантина направленного на предотвращение распространения и ликвидацию заразных болезней животных;

      - принимать решение об изъятии и уничтожении продукции и сырья животного происхождения, предоставляющих опасность для здоровья животных и человека;

      - вносить решения о делении территории на зоны в порядке, установленном уполномоченным органом.

      - осуществляет иные права, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности отдела

      16. Руководство отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач на отдел и осуществление им своих функций.

      17. Первый руководитель отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом города в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя отдела:

      - руководит деятельностью и несет ответственность за выполнение задач, возложенных на отдел;

      - утверждает стратегические и текущие планы;

      - определяет обязанности и полномочия, назначает на должности и освобождает от должности работников отдела;

      - в соответствии действующим законодательством Республики Казахстан, поощряет и налагаетдисциплинарные взыскания на работниковотдела;

      - в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебные финансовые документы;

      - исполняет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Исполнение полномочий первого руководителя отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его заменяющим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель отдела несет персональную ответственность за организацию противодействия коррупции в отделе.

4. Имущество отдела

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      22. Имущество, закрепленное за отделом, относится к городской коммунальной собственности.

      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Порядок внесения изменений и дополнений в положение отдела

      24. Внесение изменений и дополнений в Положение отдела производится постановлением акимата города Актау.

      25. Внесенные изменения и дополнения в положение отдела регистрируется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Реорганизация и ликвидация отдела

      26. Реорганизация и ликвидацияотделаосуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.