"Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 маусымдағы № 836 "Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 08 қазандағы № 1293 "Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 628 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 сәуірде № 3571 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 836 "Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 08 қазандағы № 1293 "Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2797 болып тіркелген, 2015 жылдың 15 тамызында "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Жанетова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Ниязов

 

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақтау қалалық кәсіпкерлік және

      ауыл шаруашылығы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Д.Е. Бақов

      "29" 03 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады