Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 2014 жылғы 04 қарашадағы № 02-11-2506 ақпараттық хаты негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2305 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы № 45 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
9 тармақтың 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"2) 1986 жыл 26 сәуір - Чернобыль АЭС-дағы апат күні:
Чернобыль АЭС-дағы апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға – 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;
"3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (Чернобыль АЭС-дағы апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға (1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым- 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен мараптталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналарына және екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; Чернобыль АЭС-дағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-дағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйеліне (еріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйеліне (еріне) - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш.
16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждардың жекелеген санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруден өткізу үшін негіздемелер болып табылады:
1) жан басына шаққандағы орташа табысының ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болғаны;
2) шұғыл ем (операция);
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде амбулаторлық деңгейде халықты тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы өнімдер тізбесіне енбейтін дәрілік заттарды дәрілік-кеңестік комиссия тұжырымы бойынша алу;
4) отбасы мүшесінің біреуінің қайтыс болуы;
5) тұрмыстық қажеттілікке;
6) өмірлік қиын жағдай туындағанын растайтын тиісті уәкілетті органмен берілетін акт немесе басқа да құжат негізінде.";
22 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Р.Таумұрынов).
3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И.Орынбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту: аббревиатураның ажыратылып жазылуы: КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;
Чернобыль АЭС- Чернобыль атом электростанциясы.
Сессия төрағасы | І.Кеңесов |
Қалалық мәслихат | |
хатшысы | С.Мыңбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Маркашова
10 наурыз 2015 жыл.
"Жаңаөзен қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
Қ.Сақтағанова
10 наурыз 2015 жыл.