Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін ( комиссия төрайымы Б.Нурбасинова).
3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Жаңаөзен қалалық мәслихатының интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ғ. Байжанов |
Қалалық мәслихат | |
Хатшысы | С. Мыңбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Маркашова
30 қыркүйек 2013 жыл.
"Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Ғұмарова
30 қыркүйек 2013 жыл.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидасы
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі - қағида Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2- 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.
2.Осы қағида әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
3. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы табысы –отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім);
8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Жаңаөзен қаласының бөлімі;
9) алынып тасталды Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 12.10.2016 № 6/62 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);.10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Осы қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.
Ескерту. 3 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 08.07.2015 № 39/317 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2016 № 2/24 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2016 № 6/62 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.10.2018 № 23/287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен;4. Осы қағида әкімшіліктік - аумақтық бірліктерге сәйкес Жаңаөзен қаласында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санатындағы тұлғаларға қолданылады.
5. Осы қағиданың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Ескерту. 6 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.05.2016 № 2/24 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)6-1. Алынып тасталды Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 10.04.2018 № 19/230 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);.
6-2. Алынып тасталды Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 10.04.2018 № 19/230 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);.
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) көрсетіледі.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Учаскелік және арнайы комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай, келесі мөлшерде көрсетіледі:
1) 22 наурыз –Наурыз мерекесі:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежедегі "Ана данқы" орденімен марапатталғандарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш";
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) 1986 жыл 26 сәуір - Чернобыль АЭС-дағы апат күні:
Чернобыль АЭС-дағы апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға – 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (Чернобыль АЭС-дағы апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға (1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым- 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен мараптталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналарына және екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; Чернобыль АЭС-дағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-дағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдеріне (күйеулеріне) - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысының ардагерлері (Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері), батыр қалаларды және әскери даңқ қалаларына баруын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының қатысушы мемлекеттердің аумағындағы шайқас болған жерлерге, қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге бару үшін жауынгерлердің отбасы мүшелері, (әрі қарай – шайқас болған және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге баруға қатысушылар);
Жауынгерлердің отбасы мүшелері жерленген жерлерге 2 (екі) адамнан көп емес – жауынгердің отбасы мүшесі және оған ілесіп жүруші немесе 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері және оған ілесіп жүруші жолданады;
Шайқас болған және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерлерге баруға қатысушыларға әлеуметтік көмек барып келген соң нақты шығындар бойынша, жиынтық табысын есептеместен, бір рет әр адамға 150 000 (бір жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде әлеуметтік көмек растайтын құжаттарымен арызы бойынша беріледі.
Ескерту: (Осы 2015 жылғы 8 шілдедегі № 39/317 шешімінің 9 тармақтың 3) тармақшасына толықтырылған абзацтар - 2016 жылы 01 қаңтарға дейін қолданыста болады).
4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушыларға – 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш";
Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты – 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш;
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
5) 6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:
Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
6) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні:
жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан жоғары зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.
7) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
8) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге.;
9) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:
он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
10) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 23.04.2014 № 27/224(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.03.2015 № 36/287 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2015 № 39/317(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.05.2019 № 31/375(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2020 № 41/478(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.10. 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысы есепке алмай ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.
11. Мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғаларға, табыстарын есепке алмай жылына бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға табысы есепке алмай әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей жылына бір рет – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
13. Өтініш жасалған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққандағы орташа табысы, Маңғыстау облысы бойынша белгіленген 1,5 (бір жарым) еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар мүгедек студенттерге Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында шектеусіз мамандық таңдауға, оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жылына бір рет, білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және ай сайын бөліп төлеу арқылы жабатын тамақтану мен тұру шығындарына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 23.04.2014 № 27/224 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14. Өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге, емделуге, дәрі-дәрмек алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Шекті шама 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
14-1. Әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға азық-түлік өнімдерінің бағасының қымбаттауына байланысты біржолғы 100 (жүз) мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. Шешім 14-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 17.05.2019 № 31/375(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);15. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 4 (төрт) еселік табыстары бар келесі санаттағы тұлғаларға ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетпен қарастырылған қаражат шегінде жылына бір рет білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
бала кезінен мүгедектерге;
тұлдыр жетімдерге немесе балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;
ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болған немесе жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болған студенттерге;
ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;
қызылша екпесінен зардап шеккен орта мектепті бітірген (бітіруші) түлектерге (Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша);
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған кемінде төрт және одан да көп балалары бар отбасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 23 жастан аспаған балаларына көрсетіледі.
Ескерту. 15 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 21.09.2015 № 42/341шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)15-1. Ауылдық елді мекендерде жетіспейтін мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын білім беру қызметіне төлеу үшін, сонымен қатар 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмек, кірісі есепке алынбай, жылына бір рет келесі тұлғаларға ұсынылады:
1) интернатура студенттеріне;
2) резидентура тыңдаушыларына.
Ескерту. Шешім 15-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 16.05.2016 № 2/24 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);15-2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.
Ескерту. Шешім 15-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 28.11.2017 № 15/183 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждардың жекелеген санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруден өткізу үшін негіздемелер болып табылады:
1) жан басына шаққандағы орташа табысының ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болғаны;
2) шұғыл ем (операция);
3) Алынып тасталды;Ескерту.16-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 10.03.2015 № 36/287 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 12.10.2016 № 6/62 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.04.2018 № 19/230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
17. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек өтініштер талап етілмей Орталықтың немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Жаңаөзен қаласы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Айтулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда Орталық тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға Жаңаөзен қаласының әкімдігі ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітеді.
18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 18.03.2020 № 41/478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірдің қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және /немесе құжатты;
6) әлеуметтік көмек төлейтін уәкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжат;
7) туу туралы куәлік (жоғары оқу орнындағы студенттерге);
8) білім беру қызметінің келісім шарты (жоғары оқу орнындағы студенттерге);
9) арнайы шартты (интернатурада немесе резидентурада оқитындар үшін);
10) жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік.
Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүддесіне байланысты адамның (отбасының) өздігінен хабарласа алмауының себебін көрсетіп, әлеуметтік көмек көрсетуге хабарласа алады:
1) отбасының ересек мүшесі;
2) қамқоршы (сенімгер);
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.
11) ақталған адамның куәлігі немесе прокуратура органының, соттың ақталғаны туралы анықтамасы, сот ұйғарымының (қаулысының) көшiрмесiн.
Ескерту. 18 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 14/161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2017 № 15/183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.04.2018 № 19/230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2020 № 41/478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.19. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
21. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қаулының 2, 3 - қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Ескерту.21-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 10.04.2018 № 19/230 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22. Осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Ескерту.22-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 10.03.2015 № 36/287 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).23. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
24. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
25. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
26. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағиданың 22 және 23 тармағында көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
27. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдаған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
28. алынып тасталды Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 12.10.2016 № 6/62 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);29. Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының (адамның) жиынтық табысының деңгейі айқындалады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Жаңаөзен калалық мәслихатының 08.07.2015 № 39/317 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).30. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
31. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржылық жылда Жаңаөзен қаласының бюджетімен қарастырылған құралдар шегінде жүзеге асады.
Әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті беретін уәкілетті ұйым арқылы жүзеге асырады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару
үшін негіздемелер
32. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
33. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ережелер
34. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 шешіміне 1 қосымша |
Отбасының тіркеу нөмірі
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 14/161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 шешіміне 2 қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 14/161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы
30 қыркүйектегі № 21/171 шешіміне
3 қосымша
Учаскелік комиссияның №________ қорытындысы
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 14/161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 шешіміне 4 қосымша |
АРНАЙЫ ШАРТ
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 14/161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 39/317 шешіміне № 5 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 14/161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015жылғы 8 шілдедегі № 39/317 шешіміне № 6 қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 11.10.2017 № 14/161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).