"Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарақия аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 ақпанда № 2610 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.06.2016 № 166 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р.Сантай) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Түркменбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылығы, жолаушы көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы міндетін атқарушы

      Сантай Руслан Қонақбайұлы 2014 жыл

  Қарақия ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 22 қаулысымен бекітілген

"Қарақия аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарақия аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Қарақия аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. "Қарақия аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Қарақия аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарақия аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сай бекiтiледi.

      8. "Қарақия аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индекс 130300, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, №3 үй.

      9. Мемлекеттiк мекеменің толық атауы:

      Мемлекеттік тілде: "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".

      10. Қарақия ауданының әкімдігі "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      11. Осы Ереже "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.

2. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      15. Миссиясы:

      ауданаралық қоғамдық жолаушылар тасымалы, аудандық маңызы бар жолдар, коммуникациялар, тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты, аудан аумағындағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

      16. Міндеттері:

      1) ауданның өмір тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;

      3) ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

      4) аудан аумағындағы тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша кондоминиумдар объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау;

      5) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

      7) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

      17. Функциялары:

      1) көрсетілетін коммуналдық қызметтер деңгейін жоғарылатуға ықпал ету;

      2) сумен қамту, тазарту, дренажды жүйелер, канализация, жылу, электр желілері объектілерін және басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көріктендіру объектілерін салуды, қайта жаңартуды және жөндеуді ұйымдастыру;

      3) аудандық автомобиль жолдарының құрылысын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жарықтандыру, аудан аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      5) нормативтік-құқықтық актілермен ұсынылған өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;

      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің, аудан жолдарының, көріктендіру объектілерінің құрылысын салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуын бақылау;

      7) тұрғын үй ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету;

      8) үй жайлар иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек көрсету;

      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау және жөндеудің ұйымдастырушылық нысанын енгізу бойынша іс-тәжірибелерді жалпылап, ұсыныстарды әзірлеу;

      10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалдаушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау;

      11) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

      12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды, сақтауды және бөлуді қамтамасыз ету;

      13) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтап, одан әрі оны ауданның коммуналдық меншігіне тапсыру;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес азаматтарға тұрғын үй беру бойынша аудан әкімдігі шешімдерінің жобаларын және ұсыныстарын дайындау;

      15) апаттық және тозған тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастыру;

      16) аудан жолдары, көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық маңызы бар объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;

      17) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және көріктендіру объектілерін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;

      18) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

      19) көлік салаларын дамыту динамикасы туралы ақпаратты талдау және нақтылығын қамтамасыз ету;

      20) көлік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;

      21) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысу;

      22) жасыл желектерді кесуге актілер, жер жұмыстарына ордерлерді беру;

      23) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру;

      24) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу тізбесін, кезеңін және кезектілігін анықтау;

      25) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге шығындар сметасын келісу;

      26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде комиссияларға қатысу;

      27) кондоминиум объектісі мен кондоминиум объектісінің маңындағы аумақта үй жайлар (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібін сақтау;

      28) тұрғын ғимараттарын, кондоминиум объектісінің маңындағы аумақты күтіп ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйді пайдалануды жүзеге асыратын азаматтарға кеңестік көмек көрсету;

      29) мекеме өзінің құзыретінің шегінде аудан әкімінің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      30) құзыреті шегіндегі сұрақтарды қарау кезінде барлық органдарда мемлекеттің мүддесін білдіру;

      31) аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін уәкілетті мемлекеттік органның бекітуіне ұсыну;

      32) жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау және көгалдандыру бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру;

      33) заңнамаға сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желісіне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізу;

      34) көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның жұмысына қатысу;

      35) жол қызметін қаржыландыруға бағытталатын қаражаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      36) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғауға;

      2) көріктендіру саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы аудан әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;

      3) тұрғын үй қорының, автомобиль жолдарының және коммуналдық кәсіпорындардың техникалық жәй күйіне қадағалауды жүзеге асыруға;

      4) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

      5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      6) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;

      7) тексеріс жүргізу уақытында тексерілетін нысанның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

      8) тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

      9) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер жасауға;

      10) белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      11) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық монитоингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      19. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      20. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

      6) шарттар жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      9) қызметкерлердің іссапарларының, сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      25. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      26. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

Постановление акимата Каракиянского района от 20 января 2015 года № 22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 12 февраля 2015 года № 2610. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 06 июня 2016 года № 166

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 06.06.2016 № 166 (вводится в действие со дня подписания)
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Каракиянского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".
      2. Государственному учреждению "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" (Сантай Р.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Туркменбаева А.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А. Дауылбаев

      "СОГЛАСОВАН"
      Исполняющий обязанности
      руководителя государственного
      учреждения "Каракиянский районный
      отдел жилищно-коммунального хозяйства,
      пассажирского транспорта и
      автомобильных дорог"
      Сантай Руслан Конакбайулы
      20 января 2014 жыл

  Утверждено постановлением
акимата Каракиянского района
от 20 января 2015 года № 22

Положение государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Каракиянского района.
      2. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      4. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог": индекс 130300, Республика Казахстан, Мангистауская область, Каракиянский район, село Курык, улица Досан батыра, дом № 3.
      9. Полное наименование государственного учреждения:
      на государственном языке: "Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      на русском языке: государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".
      10. Учредителем государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" является акимат Каракиянского района.
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" запрещается вступать в договорные отношения с субьектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог".
      Если государственному учреждению "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" законодательными актами предоставлено право осуществлять, приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.
      14. Режим работы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" определяется самостоятельно в соответствии с требованиями действующего законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

      15. Миссия:
      осуществление внутрирайонных общественных пассажирских перевозок, дорог районного значения, коммуникаций, государственной политики в области жилищных отношений, государственный контроль в области жилищного фонда на территории района.
      16. Задачи:
      1) организация и обеспечение функционирования и развития систем инженерного обеспечения жизнедеятельности района;
      2) взаимодействие с предприятиями коммунальной сферы в вопросах стабилизации уровня и дальнейшего роста качества коммунальных услуг, получаемых населением и учреждениями бюджетной сферы;
      3) обеспечение необходимого уровня благоустройства, санитарного состояния, озеленения и проведения комплекса мероприятий по созданию и поддержанию благоприятной окружающей среды в районе;
      4) контроль деятельности органов управления объектами кондоминиумов по сохранению и надлежащей эксплуатации жилищного фонда на территории района;
      5) реализация государственных программ на территории района в пределах компетенции, установленной законодательством;
      6) организация мероприятий по сохранению и надлежащей эксплуатации жилищного фонда, обеспечение жильем граждан в соответствии с Законодательством Республики Казахстан.
      7) проведение государственной политики в областях жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог на территории района.
      17. Функции:
      1) способствование повышению уровня оказываемых коммунальных услуг;
      2) организация строительства, реконструкции и ремонта объектов водоснабжения, очистных, дренажных систем, канализационных, тепловых, электрических сетей и других объектов жилищно-коммунального хозяйства и благоустройства;
      3) организация работ по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию районных автомобильных дорог;
      4) организация работ по освещению и содержанию сетей уличного освещения, благоустройство и озеленение районных территорий;
      5) в пределах полномочий, предоставляемых нормативными правовыми актами, участие в формировании ценовой (тарифной) политики в сфере коммунальных услуг;
      6) разработка планов мероприятий и контроль за их исполнением по строительству, реконструкции и капитальному ремонту объектов жилищно-коммунального хозяйства, районных дорог, объектов благоустройства;
      7) оказание правового и организационного содействия кооперативам собственников квартир и владельцам помещений по вопросам содержания жилых зданий;
      8) оказание всесторонней помощи в создании кооперативов собственников помещений;
      9) разработка рекомендаций, обобщение опыта по внедрению организационных форм содержания и ремонта объектов жилищно-коммунального хозяйства;
      10) заключение договоров найма и приватизации жилья из государственного жилищного фонда, в необходимых случаях принятие мер по признанию нанимателя и членов его семьи утратившими право пользования жилищем из государственного жилищного фонда в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      11) проведение инвентаризации жилищного фонда;
      12) обеспечение учета, сохранения и распределения жилья из государственного жилищного фонда;
      13) выявление бесхозяйного, выморочного недвижимого жилого имущества с последующей передачей его в коммунальную собственность района;
      14) подготовка предложений и проектов решений акимата района по предоставлению жилья граждан в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      15) организация сноса аварийного и ветхого жилья;
      16) участие в работе государственных комиссий по приемке в эксплуатацию объектов жилищно-коммунального назначения и благоустройства, районных дорог;
      17) участие в решении вопросов финансового и материального обеспечения целевых программ развития жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и объектов благоустройства района;
      18) организация деятельности жилищной комиссии;
      19) обеспечение анализа и достоверности информации о динамике развития отраслей транспорта;
      20) организация перевозок пассажиров в соответствии с Законодательством Республики Казахстан в сфере транспорта;
      21) участие в осуществлении мер по повышению безопасности движения, проведении единой технической политики в дорожной отрасли с целью обеспечения безопасности движения;
      22) выдача актов на обрезку зеленых насаждений, ордеров на земляных работ;
      23) организация технического обследования общего имущества объекта кондоминиума;
      24) определение перечня, периодов и очередности проведения отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;
      25) согласование сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, представленной органом управления объекта кондоминиума, финансируемых с участием жилищной помощи;
      26) принятие участия в комиссиях по приемке выполненных работ по отдельным видам капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;
      27) соблюдением порядка использования, содержания, эксплуатации и ремонта общего имущества собственников помещений (квартир) в объекте кондоминиума и территории, прилегающей к объекту кондоминиума;
      28) принятие участия в подготовке нормативных и методических документов по контролю качества содержания жилых зданий, территории, прилегающей к объекту кондоминиума и предоставлению коммунальных услуг, а также оказание консультационной помощи владельцам подконтрольных объектов, предприятиям, организациям или гражданам, осуществляющим эксплуатацию жилых домов;
      29) разработка проектов нормативных правовых актов акима и акимата района в пределах своей компетенции учреждения;
      30) представление интересов государства во всех органах при рассмотрении вопросов в пределах компетенции;
      31) представление на утверждение уполномоченного государственного органа наименования и индексы автомобильных дорог общего пользования районного значения;
      32) осуществление контроль за качеством и приемкой выполненных дорожных работ по строительству, ремонту, содержанию и озеленению автомобильных дорог местного значения;
      33) проведение в соответствии с законодательством конкурсов на выполнение дорожных работ сети автодорог местного значения и услуг по перевозке пассажиров;
      34) участвует в работе областной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте;
      35) обеспечивает использования направляемых на финансирование дорожной деятельности средств в соответствии с законодательством Республики Казахстан и их целевого использования;
      36) осуществление иных функций, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности:
      1) представлять интересы государства по вопросам государственного жилищного фонда и защищать его имущественные права в судах, организациях всех форм собственности;
      2) вносить предложения акиму района и в исполнительные органы о совершенствовании деятельности в сфере благоустройства;
      3) осуществлять контроль за техническим состоянием жилищного фонда, автомобильных дорог и коммунальных предприятий;
      4) запрашивать от должностных лиц предприятий, учреждений, организаций независимо от форм собственности, а также общественных объеденении и физических лиц документы, заключения, материалы, сведения и информации;
      5) взаимодействовать в установленном порядке с местными исполнительными органами, организациями, учреждениями и объектами по вопросам относящимся к компетенции государственного учреждения;
      6) при проведении проверки запрашивать любую необходимую информацию, знакомиться с оригиналами документов, относящихся к предмету проверки;
      7) не препятствовать установленному режиму работы проверяемого объекта в период проведения проверки;
      8) обеспечивать сохранность полученных документов и сведений, полученных в результате проведения проверки;
      9) составлять акты о нарушениях правил содержания жилищного фонда;
      10) в установленном порядке уплачивать налоги и другие обязательные платежи в бюджет;
      11) осуществлять правовой мониторинг нормативных правовых актов акима и акимата, разработчиком которых учреждение являлось, и своевременно принимать меры по внесению в них изменений и (или) дополнений, или признанию их утратившими силу;
      12) осуществлять иные права и выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

      19. Руководство государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" задач и осуществление им своих функций.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" назначается на должность и освобождается от должности акимом района.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог":
      1) действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      2) запрашивает и получает в установленном порядке от исполнительных органов материалы, необходимые для решения вопросов, входящих в компетенцию учреждения;
      3) созывает в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию учреждения, с привлечением представителей заинтересованных организаций;
      4) определяет полномочия работников учреждения;
      5) без доверенности действует от имени учреждения, представляет его интересы во всех организациях;
      6) заключает договоры;
      7) выдает доверенности;
      8) открывает банковские счета и совершает иные сделки в соответствии с законодательством;
      9) утверждает порядок и планы по командировкам, стажировкам и повышением квалификации работников;
      10) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников учреждения;
      11) принимает на работу и увольняет с работы работников учреждения;
      12) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников учреждения;
      13) принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      14) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

      22. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Внесение изменений и дополнений в учредительные документы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

      25. Внесение изменений и дополнений в учредительные документы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" производится по решению акимата Каракиянского района.
      26. Внесенные изменения и дополнения в учредительные документы государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" регистрируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог"

      27. Реорганизация и ликвидация государственного учреждения "Каракиянский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.